Мемлекет басшысы сапары кезінде кәсіпкерлік нысандарды аралап, жергілікті «Азала текстиль» фабрикасының жұмысымен танысты.
«Азала текстиль» жобасы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бүгінде мұнда 650-ден астам адам еңбек етеді. Кәсіпорын нарыққа көрпе мен жастық тысы, сүлгі мен жаймалар, тұрмысқа қажетті тоқыма бұйымдарын шығаруда. Айына 500 тонна мақтаны өңдейтін фабрикада 1,5 миллион метр мата тоқылады.Өз өнімдерін алыс жақын шетелдерге де экспорттайды. Осылайша тоқыма фабрикасы қаладағы ең үлкен кәсіпорындарының біріне айналған.