Аймақтар • 23 Наурыз, 2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

771 реткөрсетілді

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында жазған.

«Барлық балаларды ертең, 24 наурыз күні, QAZAQSTAN Орталық концерт залында болатын «Мұзбалақ» анимациялық фильмін тегін көруге шақырамыз. Орыс тіліндегі сеанс сағат 15:00, қазақ тілінде сағат 17:00-де болады», - деп жазды министр.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Наурыз бірінші кезекте біздің бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналу керектігін жазған болатын. «Отандық анимациялық шығармалардың ішіндегі үздігі саналатын мультфильмді 22 наурыз күні көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың, балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі 800-ден астам бала тамашалады. Көне қазақ мәдениетіндегі құспен аң аулау дәстүрін суреттейтін «Мұзбалақ» фильмі балаларға ерекше әсер етті. Осы жолы біз балалар үйінің тәрбиеленушілерін, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 2500 баланы шақырдық. QAZAQSTAN концерт залына 3000 адам сияды, орын баршаңызға жетеді, келіңіздер! Қуана қарсы аламыз!»,  дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Наурыз бірінші кезекте бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналуы керектігін жазған болатын. 

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар