Қазақстан • 23 Наурыз, 2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

1237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласының жұртшылық өкілдерімен кездесуде жастар саясатын ұтымды жүргізудің қажеттігін мәлімдеді. 

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

«Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағанын білесіздер. Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Бұл – бизнес ашу, білім алу, жұмысқа орналасу, табыс табу деген сөз. Өз өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек. Еліміздің жастары мен талантты азаматтары мемлекеттік қызметте ілгерілеу үшін арнайы кадрлық бағдарлама дайындаймыз» деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы болашақ жастардың қолында екенін айта келе, рухани және адамгершілік құндылықтарды одан әрі нығайту қажеттігін атап көрсетті.

«Бұл мәселе бойынша жол сілтейтін темірқазық бар. Бұл – Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы. Осы қағидаттарды қатаң ұстану арқылы ғана біз жаһандық әлемдегі ұлттық бірегейлігімізді сақтап қаламыз. Ұлтымыздың мәдени кодына сүйенбесек, елімізді одан әрі жаңғырта алмайтынымыз анық» деді Мемлекет басшысы.