Қазақстан • 24 Наурыз, 2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

620 реткөрсетілді

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» 2019 жылғы 23 наурыздағы Жарлығының қабылдануына байланысты Әділет министрлігі келесіні түсіндіреді.

Астана атауының өзгеруі азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін келесі құжаттарды – сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау шарты, пайдалануға қабылдау актілері және басқа да құжаттарды, сондай - ақ, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттарды - туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу туралы куәлік және т. б. ауыстыру міндетін жүктемейді.

Осылайша, құжаттарда астананың бұрынғы атауының көрсетілуі олардың жарамсыздығына әкеп соқпайды.

Өз кезегінде, Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде елді мекеннің атауы Астана қаласынан Нұр-Cұлтан қаласына автоматты түрде өзгертіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды бұрынғы тәртіппен қабылдайтын болады.

Құқықтық мәселелер бойынша кеңес алу, 24 сағат бойы қолжетімді.

Құқықтық ақпараттық қызмет көрсету: Қазақстан бойынша 119 нөміріне, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 58-00-58 нөміріне қоңырау шалуларыңызға болады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі зауыт салынады

Аймақтар • Бүгін, 10:03

Ұқсас жаңалықтар