Қазақстан • 24 Наурыз, 2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

1292 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Үшінші жыл қатарынан Сингапур әлемдегі ең қымбат қала болып танылды. Бұл туралы Economist Intelligence Unit (EIU) британиялық ғылыми-зерттеу орталығы хабарлады.

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

Сарапшылар рейтинг жасау кезінде 160 тауар мен қызмет түрін ескерген. Екінші орында Цюрих (Швейцария), ал үшінші орында Гонконг (Сянган) қаласы орналасты. Алғашқы ондыққа Женева (Швейцария), Париж (Франция), Лондон (Ұлыбритания), Нью-Йорк (АҚШ), Копенгаген (Дания), Сеул (Корея Республикасы) және Лос-Анджелес (АҚШ) кірді. Ең арзан мегаполистерге Замбия астанасы Лусака, сонымен қатар үнділік Бангалор мен Мумбаи бар. Бұл ондықта Алматы (Қазақстан), Алжир (Алжир), Ченнаи (Үндістан), Карачи (Пәкістан), Нью-Дели (Үндістан), Дамаск (Сирия) және Каракас (Венесуэла) қалалары кірді.

EIU бағалауы бойынша, Алматыда нанның бір келісі 0,95 доллар тұрады (361 теңге), сыраның бір шөлмегі шамамен 0,92 доллар (350 теңге), ерлер костюмі (пиджак және шалбар) – 270 доллар (103 мың теңге), әйелдердің шашын қию – 14,56 доллар (5500 теңге).

Әлемдегі ең қымбат қала Сингапурмен салыстыратын болсақ, онда нанның бір келісі 3,4 доллар екен, сыра – 2,37 доллар, костюм 2000 доллар, ал шаш қию -119 доллар шамасында.

Ең арзан деп танылған Каракас қаласындағы бағалар Алматыға қарағанда біраз өзгешелеу. Мәселен, ол жақта ерлер костюмі бізге қарағанда екі есе қымбат – 469 доллар тұрады, ал шаш қию бар болғаны 1,77 доллар ғана.

Алматы әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингінде 133-орыннан кө

Биыл Париж былтырғы төртінші орыннан бірінші орынға көтерілген. Гонконг те үш сатыға жоғарылап, Париж, Сингапур қалаларымен қатар орналасқан. Жыл сайынғы зерттеу планетаның 133 қаласындағы қажетті деген 150-ден астам заттың бағасына негізделген.

Тізімге Азия мен Еуропадағы аса қымбат 10 қала енді. Олардың алғашқы ондығының реті төмендегідей: 1. Сингапур 1. Париж, Франция 1. Гонконг 4. Цюрих, Швейцария 5. Женева, Швейцария 5. Осака, Жапония 7. Сеул, Оңтүстік Корея 7. Копенгаген, Дания 7. Нью-Йорк 10. Тель-Авив, Израиль 10. Лос-Анджелес, АҚШ Венесуэлада инфляция деңгейі былтыр 1 млн пайызға жуықтап, үкімет жаңа валюта шығаруға мәжбүр болды.

 «Блумберг» агенттігінің мәліметінше, Каракаста бір шәшке кофенің бағасы 400 боливар немесе 0,62 доллар. Ал Сирия астанасы Дамаск екінші орыннан көрінсе, Тәшкент пен Алматы сәйкесінше үшінші және төртінші орындарды иеленді. Ал алтыншы және жетінші позициялар төрт қалаға бұйырды. Әлемнің ең арзан қалалары: 1. Каракас (Венесуэла) 2. Дамаск (Сирия) 3. Тәшкент (Өзбекстан) 4. Алматы 5. Бангалор (Үндістан) 6. Карачи (Пәкістан) 6. Лагос (Нигерия) 7. Буэнос-Айрес (Aргентина) 7. Ченнай (Үндістан) 8. Нью-Дели (Үндістан) Ұқсас шығын немесе ғаламдану Қымбатшылық жағынан Жапонияның Осакасы 2019 жылы 5 позицияға өсіп, алтыншы орынды Женевамен бөлісті. Ал Нью-Йорк пен Лос-Анджелес - тізімнің алғашқы ондығына кірген солтүстікамерикалық қалалар. Нью-Йорк пен Копенгаген жетінші, Лос-Анджелес пен Тель-Авив – 10- позицияда. Еуропада Цюрих пен Женева үй шаруашылығына, жеке гигиенға, демалыс пен көңіл көтеруге көп шығындалатындықтан, ең қымбат қалалар тізімінде сәйкесінше төртінші және бесінші орындарға шықты.

Копенгагеннің жетінші сатыға көтерілуіне онда тасымалдау мен демалыстың және күтіну құнының өсуі себепші. Стамбұл болса, былтыр түрік лирасы айтарлықтай әлсірегендіктен, бұл рейтингте 48 орын жоғалтып, биыл 120-шы орында тұр. Бірақ британ астанасында өмір қымбаттаған. Сондықтан Лондон - 22- орында.

«Біз Париж, Сингапур, Цюрих, Женева, Копенгаген, Гонконг тәрізді дәстүр бойынша қымбат қалаларда шығындардың ұқсастығын байқадық. Мұның бәрі әлемдегі талғам мен сатып алу моделдері сәйкестігі мен ғаламданудың көрінісі», – дейді осы зерттеудің редакторы Роксана Славчева. Қазақстандық сарапшылар болса, Алматының әлемдегі арзан қалалардың қатарына қосылуына Ташкенттің мультипликативті әсері барын айтады. Алматы, Ташкент, Бішкек қалалары әкімдері қол қойған келісімдер Алматыға екі елден келетін көкөністер, сүт және ет өнімдерінің бағасы көтеріліп келмеуіне ықпалын тигізсе керек.

Ал сол кезде «Қазақстанның екі қаласы Астана мен Алматы ТурСтат сараптамалық агенттігінің 2018  күздегі саяхаттауға қолайлы ТМД қалаларының ішінде ресейлік туристерге танымал ондықтың алғашқы бестігіне енді, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз бөлімі.

2017 жылы да Астана ТМД-да  туристерге танымал қала ретінде алғашқы үштікте тұр екен. 

 «2017 жылдың күзіндегі туристерге танымал ТМД қалалары: 1) Минск (Беларусь); 2) Астана (Қазақстан); 3) Баку (Әзербайжан); 4) Ереван (Армения); 5) Алматы (Қазақстан); 6) Ташкент (Өзбекстан); 7) Ашхабад (Түрікменстан); 8) Киев (Украина); 9) Кишинев (Молдова); 10) Бішкек (Қырғызстан), - деп жазады Қазақстанның РФ-дағы елшілігінің сайты.

 «Бұл рейтинг туристерді орналастыру құралдарының онлайн-тіркеу жүйесінің мәліметтеріне сараптама жасау нәтижесі бойынша құрастырылды», - деп хабарлайды елшіліктің ресми мәлімдемесі.  

ТурСтат мәліметтеріне сәйкес, туристер Минск қаласына күз мезгілінде орта есеппен алғанда 2,5 күнге келіп, жатар орынға тәулігіне 70 доллар жұмсайды. Туристер үшін ТМД көлеміндегі ең арзан қалалар - Бішкек пен Кишинев болса, ең қымбаты - Астана мен Баку.

«Орта есеппен алғанда Астанаға 2 күн, тәулігіне 85 доллар, Баку - 3 күн, тәулігіне 78 доллар, Ереван - 3 күн, тәулігіне 67 доллар, Алматы - 3,5 күн, тәулігіне 65 доллар, Ташкент - 2 күн, тәулігіне 43 доллар, Ашхабад - 3 күн, тәулігіне 40 доллар, Киев - 2 күн, тәулігіне 56 доллар, Кишинев - 1 күн, тәулігіне 35 доллар, Бішкек - 1 күн, тәулігіне 32 доллар», - деп көрсетті агенттік.

Гүлбаршын САБАЕВА,

 «Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше