25 Наурыз, 2019

Қажыр-қайратқа халықтың қайтарымы

828 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қажыр-қайратқа халықтың қайтарымы

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елорда атауына қатыс­ты айтқан алғашқы ұсы­нысы алысты болжай алатын көреген саясаткер екенін көр­сетті. Отанымыздың орталығы Астананың Нұр-Сұлтан аталуы қоғам тарапынан қанша жылдан бері айтылып жүрген салиқалы ұсыныстың ескеріліп, уақтылы іске асуы деп ұғамын. 

Елорданың Нұр-Сұлтан аталуы біз сенім білдірген, ел алдында жүрген азаматтардың дербес таңдауы. Нұр-Сұлтан – жасампаздық пен үйлесімділік­тің үлгісі, ең бастысы – елім деген Елбасы еңбегінің жемісі һәм жеңісі. 

Бүгінде әлемдік талаптарға сай келетін сәулеттік келбеті келісті шаһарда халықаралық деңгейдегі ауқымды шаралар тұ­рақты ұйымдастырылып, ма­ңызды шешімдер қабылдануда. Бұл өз кезегінде Қазақстанның абыройын асқақтатып, беделін бекемдеуге септігін тигізуде. 

Тәуелсіз Қазақстанның қа­быр­ғасы толық қатпаған кезде Н.Ә.Назарбаевтың тарихи шешім қабылдап, бас қаланың бас архитекторы болғандығы өз алдына жеке дастан. Бүгінде, елорда – халқымыздың мақтанышы, болашаққа жетелеп, жаңа болмысты қалыптастырып отырған тарихи жобасы. 

Ақсақал ретінде Прези­денті­міздің ұсынысын қолдау – қаланы салуға қанша жылдар бо­йы қажыр-қайратын жұмсаған Елбасына Қазақстан халқы тарапынан көрсетілген жан жадыратар жыл қайтарымы деп білемін.

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, 

ІV, V шақырылымдардағы Парламент Мәжілісінің депутаты