25 Наурыз, 2019

Ел мен елорданың бас сәулетшісі

880 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ел мен елорданың бас сәулетшісі

Елорданы Нұр-Сұлтан есімімен атау туралы бастаманы қолдаймын. Еліміздің барша азаматтары да осы пікірді қуаттайды деп ойлаймын. Әрине, аталған мәселеде басқа да көзқарастар бар. Яғни, біз демократиялық қоғамда өмір сүреміз, сондықтан азаматтар осы және басқа да мәселелер бойынша өздерінің көзқарастары мен пікірлерін ашық айтады. Осыған орай, дәл мұндай көңіл күйдің астананы ауыстырған сәтте де болғанын еске салғым келеді. Бұдан бірдеңе шығатынына сенгендер өте аз болды. Сол сияқты Ақмола атауын Астанаға ауыстырған кезде де күмән келтірушілер көп болды. Сондықтан кез келген шешімнің жақтаушылары да, қарсылары да болатынын түсінген абзал. Бұл ретте аталған бастаманы Елбасымыздың айрықша тарихи еңбегіне ұлтымыздың алғысы деп бағалау заңдылық деп ойлаймын. 

Нұрсұлтан Әбішұлы тәуел­сіз Қазақстанның негізін қалау­шысы, қалыптастырушы ғана емес, тәуел­сіз Қазақстанның символына айналған жаңа астананың іргетасын қалаған бас сәулетшісі де. Егер де оның ерекше ерік-жігері, көрегенділігі, төзімділігі болма­са, жаңа астананың құры­лы­сы да, қазіргі әңгімеміздің де нобайы болмас еді. 

Сол себепті барлық азамат­тардың Елбасына деген шынайы адалдығы мен қолдауын көрсететін уақыт келді.

Аида БАЛАЕВА,

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы