Бүгін Триатлон саябағында алғаш рет 50 метр, 5, 10 және 21 шақырым қашықтыққа лайықталған мерекелік марафон өтті. Жарысқа жеті жүзден астам адам қатысты. Олардың арасында балалар мен қариялар да бар. Барлық қатысушылар медальдарға және спорттық дүкендердің сертификаттарына ие болды.
«Мен спортпен шұғылданғанды, әсіресе жүгіргенді жақсы көремін. Осы жылы мен 500 метр қашықтықты бағындырып, бірінші орынды алдым», – шараның жас қатысушысы Аяжан Ізбасарова.