Аймақтар • 25 Наурыз, 2019

Филармония ұжымы қарияларды қуантты

871 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы іргелі өнер ордаларының бірі Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұжымы биылғы Наурыз мерекесін айрықша атап өтті. 

Филармония ұжымы қарияларды қуантты

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ұсынысымен биылғы жылдан бастап Наурызды жаңа тұрпатта тойлау – мұқтаж жандарға, көпбалалы аналарға, қарттар мен ардагерлерге қайырымдылық қамқорлық таныту үлгісінде атап өтуге бағытталған болатын. Осы мақсатты көздеген өнер ошағы қаладағы №3 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, қарттарға  құрмет жасады.

 – Қарияларды қолдау қоғамға ортақ парыз. Тағдырдың сан қилы жолы осы мекемеге тоғыстырған қамкөңіл жандардың көңілін аулап, жылылық сыйлағымыз келді. Бұл кейінгі жастарға үлгі болып, қоғамда жаппай белең алса көптеген игі істер жасалған болар еді, – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік Филармониясының директоры Асқар Бөрібаев.

Мерекеге орай қарияларға түрлі сыйлықтар табыс етілді. Қайырымдылық іс-шара филармония әртістерінің арнайы әзірленген концерттік бағдарламасына ұласты.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ