Қазақстан • 25 Наурыз, 2019

The Associated Press: Назарбаев тұрақтылық пен ұлтаралық бейбітшілікті қолдаған Қазақстанды құрды

460 реткөрсетілді

The Associated Press ақпараттық агенттігі Нұрсұлтан Назарбаевтың елде тұрақтылық пен бейбітшілік орнатқан көшбасшы ретінде беделі зор екенін жеткізді.

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, дара көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаев отыз жылдық басқарудан кейін сейсенбіде өзінің Президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.

«Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде билікке жаңа толқын көшбасшыларының келуін қамтамасыз ету – менің міндетім» деді ол өз мәлімдемесінде. Алдағы уақытта Назарбаев өзінің «Елбасы» және «Ұлт көшбасшысы» құрметті атақтарын сақтап қана қоймай, маңызды саяси билікке ие болып қала береді. Сонымен қатар ол елдің Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы және «Нұр Отан» басқарушы партиясының басшысы болып қала беретінін мәлімдеді…»

«Назарбаев 1989 жылы республиканың Коммунистік партиясының басшысы ретінде Қазақстанның жетекшілігіне келді және 1991 жылы КСРО ыдырамастан бірнеше апта бұрын алғаш рет оның Президенті болып сайланды, нәтижесінде ел тәуелсіздігін алды. Сол кездері Қазақстан өзінің түрмелерімен, ядролық сынақ орындарымен және Кеңес ғарыш бағдарламасы шеңберінде Байқоңыр ғарыш айлағының орналасқан орны ретінде ғана танымал оқшауланған аймақ болды. Сондықтан да Назарбаев тұрақтылық пен ұлтаралық бейбітшілікті қолдаған Қазақстанды құрғаны үшін үлкен қолдауға ие болды...»

 «Ол Ресей мен Батыс арасындағы балансты сақтай білді. Қазақстан Президенті шетелде мұнай өнеркәсібін жаңғыртқаны және ядролық қарудан бас тарту туралы шешімі үшін үлкен беделге ие болды».

 «1997 жылы Назарбаев ел астанасын Алматыдан солтүстіктегі Астана қаласына көшірді ...Жаңа қала постмодернистік архитектураға толы болды, оның ішінде діни және этникалық топтардың арасындағы үйлесімділікті дәріптеу орнына айналған «Бейбітшілік пен келісім сарайы» шыны пирамидасы да бар».

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар