25 Наурыз, 2019

Жеңіс Қасымбеков Ақмола облысының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді

576 реткөрсетілді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбеков жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, Атбасар және Астрахан аудандары аумағынан ағып өтетін Есіл, Қалқұтан және Жабай өздерінің су тасқынына қатерлі аумақтарын тексерді, деп хабарлайды облыстық әкімнің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев атап өткендей, ауа райы болжамдарына сәйкес наурыздың 18-нен бастап облыстық азаматтық қорғаныс жүйесі жоғары дайындық режіміне көшті. Су тасқынының қатері Астрахан, Атбасар, Аршалы, Сандықтау және Целиноград аудандарында сақталады. Барлық өңірлерде штаб құрылып, тәулік бойы жағдайды бақылауда ұстауда және мониторинг жүргізуде. Сондай-ақ, қажетті күштер мен қаражат дайындалды.

«Бұдан бөлек, үкіметтік топ мүшелері Атбасар қаласындағы су тасқынына қауіпті аумақта орналасқан №1 орта мектепте, 2017 жылы су тасқынынан зардап шеккендерге арналып жаңа тұрғын үйлер салынған шағынауданда болды. Қазіргі кезде қауіпті аумақта 419 тұрғын үй орналасқан. Алдағы жылдары су тасқының қауіпін болдырмау мақсатында қосымша тағы 12 тұрғын үй салу жоспарда бар», дейді Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар