Аймақтар • 25 Наурыз, 2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

474 реткөрсетілді

24 наурыз күні ҚР  Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек өңірдің көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігімен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды деп хабарлады primeminister.kz

Жұмыс сапары аясында Ж. Қасымбек облыста арнайы техниканы дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Атап айтқанда, Шаған өзеніндегі мұздың қаттылығын бақылап, Шаған су қоймасын аралады.

Бұдан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы мен «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жолдардың жай-күйі тексерілді. Сонымен қатар вице-премьер ауыл шаруашылығы азық-түлігін өндіретін және өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап, өңірдегі инвесторлармен және кәсіпкерлермен кездесті.

Сондай-ақ қарапайым заттар экономикасы мәселесі бойынша кеңес өтті, оның жұмысына мемлекеттік органдардың, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, екінші деңгейлі банктердің, өңірдегі ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар