Аймақтар • 25 Наурыз, 2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

492 реткөрсетілді

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жексенбі, 24 наурыз күні жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына барды. Ол алты елді мекенді аралап, ондағы әлеуметтік нысандарды тексеріп, халықпен кездесіп, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Жұмыс сапары Ақкемер ауылының ақсақалдарымен кездесуден және жақын жерде орналасқан Көтібар батыр Бәсенұлы кесенесіне барудан басталды. Мәдени-тарихи орынды аралау ақсақалдардың  дәстүрлі бата беруімен аяқталды.

Елек ауылында Оңдасын Оразалин 100 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысын тексерді. Барлық заманауи стандарттарға сәйкес келетін екі қабатты ғимаратты салу үшін мемлекет 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлді. Мектептің жалпы ауданы шамамен 2 мың шаршы метрді құрайды. Құрылысшылар негізгі жұмысты аяқтап, ішкі әрлеуге кірісті. Нысан ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Облыс басшысының келуіне орай ауыл тұрғындары Оңдасын Оразалинге ауылды газдандыруға ұсыныс жасап ұжымдық хатты табыс етті. Газ құбыры Елек ауылынан екі шақырым қашықтықта екенін ескере отырып, облыс әкімі аудан басшысы Ербол Данағұловқа биылғы жылы ауылішілік газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауды тапсырды, содан кейін 2019 жылы бұл жобаны қаржыландыруды аша бастауға болады.

Облыс әкімі Жем қаласында бұрынғы қатаң тәртіпті режим колониясы болған ғимаратты аралап көрді. Қазір мұнда ІІМ Ұлттық гвардиясы орналасқан, жақын арада ғимарат Қорғаныс министрлігінің әскери бөліміне беріледі.

О.Оразалин Ембі қаласын аралаған кезде бос үйлерге ерекше назар аударды. Бос қалған ғимараттарды ұтымды пайдалану үшін облыс әкімі екі үйді 135 пәтерге қайта салу жобасын қолдады. Бұл жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандардың жартысына жуығын тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Облыс әкімінің қолдауын қамтамасыз ету үшін аудандық билік жақын арада жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кіріседі.

Ембіде тұрғындармен кездесу өткізіліп, қала тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізілді. Жұмыс аяғы барысында облыс әкіміне сервистік компаниялардың еңбекақыны төлеудегі үзілістеріне шағымданған қызметкерлер болды. Облыс әкімі кәсіпорын басшысымен қысқа мерзімде кездесу өткізіп, жағдайды тезірек шешуге қажетті барлық шараларды жүзеге асыруға уәде берді. Кездесу барысында аз қамтылған отбасылардың проблемалық мәселелерін шешу үшін әрқайсысы 100 мың теңгелік ақшалай сертификаттар тапсырылғанын атап өту керек. Атап айтқанда, қаражат коммуналдық қызметтер үшін қарыздарды өтеуге, құрылыс материалдары мен басқа да қажеттіліктерге жұмсалады.

Қандыағашта өткен екінші осындай кездесуде 500 мың теңгеге дейінгі сертификаттарды тағы тоғыз отбасы алды. Демеушілік арқасында олар үйлерді, газды, суды жөндеуге және басқа да мәселелерді шеше алады.

Оңдасын Оразалин демеушілік жасаған кәсіпкерлерге жақсы іс-әрекеттері үшін алғыс білдірді. Ол сондай-ақ, биылғы жылы мемлекет азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын едәуір нығайтқанын атап өтті.

«Тұңғыш Президенттің азаматтардың әл-ауқатын жақсарту туралы тапсырмасына сәйкес, 1 сәуірден бастап табысы аз, көп балалы отбасылар жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек көрсете бастайды. Негізгі міндет – атаулы әлеуметтік көмек және әртүрлі жеңілдіктерге шынымен мұқтаж азаматтар қабылдайтынын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық түрлерімен қамтамасыз ету қажет, осылайша еңбек - салауатты адам үшін негізгі табыс көзі», - деп атап өтті облыс әкімі.

Аудан әкімі Ербол Данағұловтың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасын тыңдап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берген Оңдасын Оразалин күшейтілуі қажет бірқатар бағыттарды атап өтті. Олардың қатарында аудан тұрғындарының табысын арттыру, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту, ауыл шаруашылығын дамыту, соның ішінде мал шаруашылығы, елді мекендерді сауықтыру мәселелері бар.

Содан кейін азаматтарды жеке қабылдауда облыс әкімі 10-нан астам адамды тыңдады. Әр түрлі өтініштер мен ұсыныстар айтылды, олардың әрқайсысы бақылауға алынды. Соның ішінде Жарық ауылының тұрғыны Ерболат Сарсенбаевқа 2013 жылы болған мал ұрлығына қатысты сот ісіне көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ, профессор, доктор Аманжол Адаев облыс әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, облыс орталығындағы архитектура мен құрал-жабдықтардан кем түспейтін аудан орталығындағы заманауи мәдени орталық құруды тіледі. Оңдасын Оразалин бұл мәселе аймақтағы барлық мәдениет ұйымдарының желісін кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету үшін қосымша қарауды қажет ететінін атап өтті.

Бұдан басқа, Қандыағашта облыс әкімі «ҚандыағашКоммерц Групп» ЖШС ет өңдеу цехына барып, 90 пәтерлі бұрынғы бос жатақхананы қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Оңдасын Оразалин сондай-ақ биылғы жылдың тамыз айында пайдалануға берілетін үш көппәтерлі  коммуналдық үйдің құрылысын тексерді. Әрбір үйде 8 пәтер бар. Тұрғын үй жергілікті атқару органдарының кезектегілеріне жалға беру бойынша қамтамасыз етіледі.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»  

Ақтөбе

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар