Аймақтар • 25 Наурыз, 2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

792 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Елорданың Нұр-Сұлтан атауына ауыстырылуын қолдау бойынша форум өтті. Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 23 наурыздағы №6 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы болып қайта аталуы, Ел Президентінің бұл тарихи шешімі – Қазақстан Республикасы Парламентімен бірауыздан мақұлданған, еліміздің саяси дамуындағы қалыпты жағдай болып табылатындығы туралы әңгімеленді.

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

1998 жылы бой көтеріп, аз ғана уақытта әлем назарына іліккен Астана – осы уақыт аралығында еліміздің барлық аймақтарын стартегиялық тұрғыда біріктіріп, өңірлердің дамуының драйверіне айналды. Бұл жетістіктер Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен стратегиялық тұрғыда жоспарланып, жүзеге асырылғаны халықтың жадында. Осы ретте, Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту біріншіден Елбасының еңбегіне лайықты құрмет көрсету болса, екіншіден Елбасының саяси бағытының сабақтастығының кепілі болып табылатындығы баяндалды. Осыған байланысты, аталған іс-шарада университет ұжымы тарихи шешімге қолдау білдіріп, Астананың Нұр-Сұлтан болып аталуына бірауыздан келісетінін жеткізді.

Форумда аталған оқу ордасының бірінші проректоры Асқар Абдуалы, «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Кабиева, «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Дина Көлбаева, философия ғылымдарының докторы Сәкен Омаров және тағы да басқа оқытушылар мен студенттер мінберге шығып сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, ТарМУ «Заң» факультетінің студенті Бекзат Жұмалиев үндеу оқыды. Шара соңында көрермен қауым концерттік бағдарламаны тамашалады.

Хамит Есаман,

«Egemen Qazagstan»

Жамбыл облысы