Журналист «ұрлана» жаздады
Бейсенбі, 25 қазан 2012 7:15
Жомарттық деп осыны айт!
Америкалық бизнесмен Джон А.Полсон Нью-Йорктің орталық саябағынақайырымдылық ретінде 100 миллион доллар берді. Саябақтың ресмиөкілінің айтуынша, бұл саябақ тарихындағы ең қомақты сыйлық болыптабылады.
Бейсенбі, 25 қазан 2012 7:15
Жомарттық деп осыны айт!
Америкалық бизнесмен Джон А.Полсон Нью-Йорктің орталық саябағынақайырымдылық ретінде 100 миллион доллар берді. Саябақтың ресмиөкілінің айтуынша, бұл саябақ тарихындағы ең қомақты сыйлық болыптабылады.
Джон А.Полсон – Нью-Йорктің жергілікті тұрғыны. Ол орталық саябақты өзінің отбасы мүшелері демалатын тарихи орын деп есептейді. Оның әжесі мен атасы 1920 жылдары осы саябақта танысып, бірге қыдырған екен. Кейін әжесі Джон Полсонның анасымен, ал одан соң оның әке-шешесі де Полсонды осы саябақта қыдыртыпты. Саябақ Нью-Йорктегі Манхэттен аумағында орналасқан, аумағы 3,4 шаршы шақырымнан асады.
Тұңғыш президенттің ұлы босатылды
Грузия президенті Михаил Саакашвили елдің тұңғыш президенті ЗвиадГамсахурдияның ұлына рақымшылық жасады. Цотэ Гамсахурдия бұданбірнеше жыл бұрын адам өлтіруге ниеттенді деп айыпталып, сотталғанболатын.
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Цотэ Гамсахурдияға бүкіл Грузия католикос патриархы Илья екіншінің өтінішімен рақымшылық жасалған сияқты. Оның үстіне ол түрмеде ауру жұқтырған көрінеді. Тұңғыш президенттің ұлы тұтқындалғанға дейін грузиялық оппозициямен тығыз байланыста болған. Сондай-ақ ол Ресейдің арнайы қызмет органдарымен бірлесіп, Грузияда төңкеріс жасауға дайындалған деген мәліметтер де бар.
Атысты тоқтатуға келісті
Сирия билігі мен көтерілісшілер мұсылман қауымының ұлық мейрамы –Құрбан айт күндері қарсылықты тоқтата тұруға келісті. Бұл жөнінде Сирияжанжалын реттеу жөніндегі халықаралық өкіл Лахдар Брахими мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, Сирия үкіметі Құрбан айттың үш күнінде атысты тоқтатуға келіскен. Сондай-ақ, көтерілісшілердің басым көпшілігі оның ұсынысын қабылдаған. Кейбір ақпараттар бойынша, сириялық оппозиция күштерінің бірқатар басшылары Брахимиге өз орнынан кетуді және бітімгершілік миссияның сәтсіздікке ұшырағаны туралы мәлімдеуді ұсынған. Дипломат бұдан бас тартыпты.
500 миллион доллар төлейді
Кувейт билігі 1990 жылы ирактықтар басып алған ұшақтары үшін ресми Бағдад төлейтін қаржы мөлшеріне қатысты келісімді бекітті. Ол – 500 миллион доллар.
Бұл келісім 22 жылдан бері Ирак пен Кувейт арасында басылмай келе жатқан дауға нүкте қояды. Айта кетейік, 1990-1991 жылдары Саддам Хусейннің әскерлері Кувейтке шабуыл жасаған кезде, 10 ұшағы мен оған қажетті қосалқы бөлшектерін басып алған еді. Кувейт бұған Лондон соты арқылы қол жеткізді.
Журналист «ұрлана» жаздады
Қырғызстанның «Бесінші арна» ақпараттар қызметінің журналисін қалыңдық ретінде «ұрлап» кетпек болды. Бұл жөнінде аталған телеарна ақпараттар қызметінің шеф-редакторы Дмитрий Ложников жергілікті басылымдарға хабарлады.
Зорлықпен «ұрлап» кетпек болған журналистің аты – Айнұр. Оқиға кеше түнде болған сияқты. Кейін анықталғанындай, Айнұр Исмайлованы ұрлаған «Атамекен» партиясының депутаты Шырын Айтматованың көмекшісі екен. Депутат көмекшісінің бұл әрекетін қолдамайды.
Қысқа қайырып айтқанда:
Владимир Путиннің жарлығымен Ресейдің НАТО жанындағы тұрақтыөкілдігіне Владимир Глушко тағайындалды.
Кеше Киевтің «Борисполь» әуежайында мемлекеттік күзет қызметініңбұрынғы офицері Николай Мельниченко ұсталды.
Израильдің әуе қорғаныс күштері Газа секторын екі мәртеатқылады. Опат болғандар бар.
Халықаралық кредиторлар Грекия бюджетін тұрақтандыру үшін тағы31,5 миллиард еуро бөлуге келісті.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.