Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

487 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2019 жылдың 30 қаңтарында өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астана» әуе компаниясын Нұр-Сұлтан – Токио – Нұр-Сұлтан бағытындағы тұрақты рейстерді орындау үшін Қазақстан Республикасының әуе тасымалдаушысы ретінде бекітілді.

Бұл ретте, еліміз бен Жапония аралығындағы тікелей рейстерді ашудың құқықтық негізі 2016 жылдың қараша айында қалыптасқанын айта кеткен жөн. Оған сәйкес, Қазақстан мен Жапония әуе компанияларының әр тараптан аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігі бар.

2019 жылдың екінші жартысында «Эйр Астана» әуе компаниясы Токиоға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Ұшу жиілігі аптасына 2 рейс Boeing 767 ұшағымен орындалады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар