07 Қараша, 2012

Махаббат пен достық жыршысы

800 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Махаббат пен достық жыршысы

Сәрсенбі, 7 қараша 2012 7:30

Осыдан 300 жыл бұрын Гру­зияның Вахтанг VІ патшасының ұйғарымымен ұлы грузин ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жаһангез» дастаны тұңғыш грузин баспаханасында, тұңғыш грузин кітабы болып басылып шықты.
Ол 1712 жылдың қазан айы еді.

Сәрсенбі, 7 қараша 2012 7:30

Осыдан 300 жыл бұрын Гру­зияның Вахтанг VІ патшасының ұйғарымымен ұлы грузин ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жаһангез» дастаны тұңғыш грузин баспаханасында, тұңғыш грузин кітабы болып басылып шықты.
Ол 1712 жылдың қазан айы еді.

Ал 2012 жыл – ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша – «Жолбарыс тон­ды жаһангез» дастанының жы­лы болып бүкіл әлемге жария етілді.
Грузин еліндегі ақын тойы, кі­тап тойы, ЮНЕСКО аясында дүр­кіреген салтанат болып Тбилисиде, Месхетиде жыл аяғында өтеді.
Грузин ақынының кең тынысты эпикалық поэмасы уақыт ығ­ын­да қалмай, өлмес, өшпес ғұ­мыр кешуі, қара жерді қастерлеп еркін мекендеген адамдар ара­сын­дағы үзілмес, таусылмас адам­­гершілік пен достық мейірі, мәңгі махаббат отының алаулап жанып тұруы болып табылады.
1941 жылы Екінші дүние­жү­зі­лік соғысқа аттанған жас қазақ солдаты Хамза Абдулиннің қол­дор­басындағы Шота Руставе­ли­дің кітабы майданға бірге кірген. Төрт жылғы азапта «Жолбарыс тонды жаһан­гез» жоғалып кетпей қазақ солдатымен бірге күн кешіпті. 
Таң қаласыз.
Қазақ солдаты «Жолбарыс тон­ды жаһангезді», ал «жолбарыс» қазақ солдатын жау оғына бермей соғыстан аман-есен алып шығады.
Грузин ақынының ұлы дастанын жас қазақ солдаты жиырма бес жыл бойы талмай аударады. Қазақтың кемеңгер жазушысы, Социа­листік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтың айтуына сүйенсек, бұл ерен аударма. Екі елдің мәдени қонысындағы аса елеулі құбылыс. Аударма өнерінің ең биік шыңы болып табылады екен. Бұған қалай қуанбайсыз!
Бұл хас өнерді сыйлаған халықтар достығы. 
Өнер достығы.
Поэзия достығы.
Әйтпесе, сұрапыл соғыс оты­ның ортасында қан кешіп, тұт­қын­да жүріп, оған жүдеп қалған елге келген жап-жас қазақ солдаты Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жаһангез» кітабын аударар ма еді?!. 
Бұл әуелі ұлы дастанға деген құрмет. Ұлы грузин әдебиетіне деген бе­рік сүйіспеншілік. Осы кітапқа соңғы сөз жазған әлемнің көрнекті жа­­зушысы қазақ Роллан Сейсенбаев: «Жиырма бір жасар жас ақын Хамза Абдуллин «Жолбарыс тонды жаһангез» дастанына өлердей ға­шық бол­ған азамат» – деп атап көрсетеді. Үлкен жазу­шының жүрегі­нен шыққан терең толғаулы сөздері қазақ ойы мен мә­дениетінің биік үлгісін танытады.
Дастанның 300 жылдығына орай, екінші рет қазақ тілінде басылып шығар үлкен кітаптың дүниеге келуіне орай біз қазақ халқына, қазақ мәдениетіне, қазақ әдебиетіне, қазақ аударма өнеріне мың да бір алғысымызды жеткізуге асығамыз.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұстанған адамдар мен ха­лық­тар арасындағы риясыз, адал құрмет пен түсінушілік саясаты, Қазақстан Елбасының айтулы жеңісі деп білемін. Жүз отыз ұлт пен ұлыс бас қосқан көп ұлтты қазақ жеріндегі ұлтаралық келісім бүкіл әлем жұртына үлгі болар үлкен құбылыс екені даусыз.
Халықаралық Абай клубы­ның» сериясымен шыққан Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жаһангез» дастаны енді қазақ әде­биеті мен мәдениетінің де ен­ші­сі­не айналады.
Жаһандану заманында адам­дық келбетіміз бен азаматтық құн­дылықтарымызды мейлінше тереңдетуге жан салайық.
Екі бауырлас халықтардың өмір аясы кеңісін, ырысымыз бен бере­ке­міз артсын, әдеби, мәдени жеңістеріміз таусылмасын.
Михеил СААКАШВИЛИ,
Грузия Президенті.
Тбилиси, қыркүйек, 2012 жыл

Ұлы кітаптар уақыт талғайды.
Терең ой да уақыт құзырында күн кешеді екен.
Дәл осы «Жолбарыс тонды жаһангезді» өткен ғасырдың жет­пісінші жылдарында қызыға оқы­ғаным бар еді. Енді міне қырық жыл өткен соң, қадірлі Хамза Абдуллин ағамыздың тамаша аудармасын қолыма қалам алып қайта оқып отырмын. Қапысыз терең ойлар, таптырмайтын теңеулер, мәтел болып кеткен маржан ойлы сөздер, Кавказдың асау тау өзен­деріндей салдыр-гүлдір күңіреніп барып кең алып алқапқа төгіліп жатқандай сезінесіз.
Қырық жыл бұрын оқығаным бір бөлек, бүгінгі оқығаным бір бөлек. Ұмытыла бастаған, қолда­ну­дан сырт қалған қазақы теңеу­лері мен сөз тіркестерін бөлек дәптерге жазып отырдым.
Көз алдыңыздан Шығыс әлемі еш кетпейді. Тәуелсіз жатып емі­рене еркелеген Грузия мен Хорезм империясы алып Дешті-Қыпшақ өлкесінің сұлу табиғаты, ерен тынысты Шығыс әлемінің қайталанбас бейнесі, сол елдердің толғақты еркін дастан жырлары, ой әлдилеген биік көгілдір аспан әлемі қайтып қайталанбас ерекше әсерлі сурет болып есіңізде мәң­гіге қалады. Қайталап оқығанда жаһангездің де, көне халық дас­тандарының да рух күшінің еш заманда өлмейтініне де, өшпей­тініне де иланасыз.
Қара жердің төрінде ұлы ке­ңістік пен ұлы уақытты егіз еме­тін ұлы дүниелер туатынына иман­дай сенесіз. Шота Руставе­лидің «Жолбарыс тонды жаһан­гез» поэмасы сол ұлы туындылар санатынан.
Грузин ақынының әйгілі дас­таны асқақ рухымен, кең тыныс­ты шалқар кеңдігімен ерекше бітім- болмысымен бөлектенеді. Дастан көркі, дастан тынысы, дас­­тан ойы, берік достық, асыл махаббат, кө­гіл­дір аспанмен тіл­десе алар қуат­ты күш – махаббат күші. Тәуелсіз қуат иесі де сол махаббат киесі.
Махаббат пен достық киесі – дастан.
Дастан киесі – махаббат пен достық.
Бұл Шота ақынның жүрегінде тұтанып, мәңгі жанып өткен Тамар патшаға деген жойқын махаббат сезімі. Патшайымның жүре­гін­де де бұлқынған бұл сезім өмір бо­йы сөнбеген, бірақ жауапсыз қал­­ған, жады өлтірілген, тұншық­қан, атаусыз көрге түскен махаббат.
ХХІ ғасырдың адам еркін кө­гендеп, адам ойын тежеп, махаббат сезімін жоққа шығарып, тек қана бір құндылық – жа­һан­дану саясатына адамды да, ұлтты да, мем­ле­кетті де бағындыруға атойлап шы­ғуы жеңіс емес, адамзат бола­ша­ғының жеңілісі екені дау туғызбас.
Дәл осы ғасыр Үшінші дүние­жүзілік соғыс лаңын шығаруға құпия дайындық үстінде. Оның себептері де тайға таңба бас­қан­дай анық көрінуінде. Бұл сой­қан­ды ой олардың басында Екінші дүниежүзілік соғыс лаңы бітер тұста тұтанған, қайтып сөнбей, қордаланып қозып жатқан.
Бұл күрделі, қиын заман белгі­сі екені күмән тудырмайды. Бұл айдай ақиқат.
Бүгін бұлтартпайтын шындық біреу-ақ, ол әлемінің қинала аза тартқан тұсы.
Осы көңілсіз көрініс, тажал су­­реттерді көріп отырып ХІІ ға­сыр­да махаббатты жырлаған грузин дас­танын уағыздауымыз, таң­дай қа­ғуымыз, тамсануымыз қалай?!.
Бір аяғымыз сенімсіздік кеме­сінде тұрып, достықты, махаббатты, көркем ойды, ар мен ұятты, намыс пен рухты талмай жырлау себебіміз неде?!
Сұрақ көп.
Жауап жоқ.
Әр адамның өз жауабы өзінде. Халық болып, қоғам болып бо­лашақты зерделей ойлау мүмкін­дігі таусылған. Мүлде жоқ десе дұрыс болар. «Адамзат болаша­ғын» жаһандандырудың авторлары, ел-елдің әкімдері, губернаторлары, премьер-министрлері ой­ла­ған болады.
Адамзатты ендігі жерде қалта­лылар – «жоғарғы қоғам иелері» басқарады.
Жердің иесі солар. Жердің асты да солардікі, үсті де со­лар­дікі. Адам баласында еш құнды­лық қалған жоқ. Қалталылар өз­дерінен басқаларды адам сана­мағалы қашан?!.
ХІІ ғасырда Грузиядағы жо­ғарғы қоғам иелерінің жендеттері адамды, тәуелсіздікті, махаббатты жырлаған халықтың ұлы ақыны Шота Руставелиді туған жерінен кетуге мәжбүр етті. Грузияның ұлы эпос-дастанын дүниеге әкел­ге­н ұлы ақынға, туған елдің то­пырағы бұйырмады. Ол жат өлкеде, жат жұртта жан тапсырды. Көгілдір аспаны бар, көгілдір таулары бар, гүрілдеген адуынды өзендері бар, жап-жасыл Грузия – жұмақ әлем Шота Руставелиге бұйырмады.
Құм басып шаңытқан сап-сары топырақты Иерусалимде ұлы грузин ақыны Шота Руставели мәңгіге көз жұмды.
Көгілдір Грузия көзден бұлбұл ұшты.
Тамар патшаның тамылжыған сұлу бейнесі де ақын жанарынан жоғалды.
Қандай өкінішті ғұмыр…
Қандай қатыгез тағдыр…
Қандай аяусыз өлім…
Абай шығармаларын төрткүл дүниеге уағыздайтын, әлем ха­лықтарының әдебиетін шығара­тын «Халықаралық Абай клубы» мен оның «Аманат» журналы сол журналдың 200 томдық кітап­ханасы «Ұлы ақындар мен ойшылдар аллеясы» аталатын жер-жаһанда бір-ақ рет туатын ұлы тұлғалардың бір томдық кітап­та­рын шығарады. Олардың ішінде Шекспир, Данте, Гомер, Гете, Абай, Махаббат, Ясауи, Шекспир, Шығыстың жеті ақын – же­ті жұлдызы және Руставели бар.
Халықаралық Абай клубы мен «Аманат» журналына Қазақ елі­нің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы бата берген, аса құн­ды ойы да, тілегі де бөлек сөз ар­наған. Кітаптардың қадір-қа­сие­ті туралы шешіліп сөйлеп, ас­қа­ра­лы ой айтқан. Президенттің сол ойлы сөздері кітапқа арналған гимн еке­­ні баршаға аян. Сол ойлы сөз­дер­дің кейбірін ғана еске түсірейік:
«Өзінің биік, таза, таза рухани қасиетімен кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады.
Кітап – адамзат баласына ағарту, білім сыйлай береді.
Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.
Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі».
Грузиннің ұлы жыршысы, «Жолбарыс тонды жаһангез» дас­танының авторы Шота Руста­ве­лидің бұл құнды еңбегі, сол ай­рықша бағалы, рухы биік кітап­тардың санатына жатады.
«Жаһангез» – мазасыз ой кешкен ұзақ жылдардың жемісі. Қорғаны биік, қамалы берік жыр сарайын жырлату үшін Шота Руставели өте жоғары біліммен, табиғат берген талантпен көңіл ерлігімен, шынайы сезіммен, таң­ға­жайып қиялмен, қалың ой құді­ретімен саналы ғұмырын арнаған. Дастанның өне бойындағы махаббат пен достық жыры уақыт-керуенмен бірге көшетініне ақын сенген. Сол ойынан қуат алған. Сол ой ақын жанын бір сәтке де тыныш таптырмаған, бұл жыр туған халқының өнер әлеміндегі бар байлығы мен киесіне айналатынын жақсы ұққан.
Шота Руставели сол берік қамалды ерен еңбекпен, қайтпас қайсарлықпен, ерлікке толы та­бан­дылықпен бағындыра білді. Бұл адам айтқысыз аса ауыр, қиян-кескі жыр майданы еді. Дәл осы майданда жеңіске жетуге Шота Руставелиге Құдайдың өзі көмектескен болар. Өйткені, бұн­дай зор, аса қуатты жеті мың жол­дық жыр-дастанды жазып шығу әркімнің пешенесіне жазылмайтыны белгілі. Ұзақ дастанда ұлы ақын бір сәтке де адамға тән ізгілікті, таза махаббатты, адал достықты, халықтар мен елдер арасындағы бейбіт, тату тіршілік­ті жырлаудан талмапты. Бұл Шота Руставели бойындағы адамға деген таусылмайтын таза, кәусар махаббат белгісі еді. Әлемнің ұлы ақындарының бәрі бірдей адам­гершілік пен кісілікті биікке көтеріп, соларды уағыздап, соларды талмай жырлап өткен.
Гомер, Фирдоуси, Рудаки, Рус­тавели, Гете, Абай, Пушкин сол үлгідегі ұлы ақындар қатарынан саналады.
Ақыны бар ел бақытты ел.
Асқақ ел.
Ардақты ел.
Ақынды танитын адам. Адамды танып, адамды ардақтайтын ақын.
Сонан да алып дала төрінде адам мен ақын домбыраның қос шегіндей егіз тербеліп, егіз күй кешеді.
«Жолбарыс тонды жаһан­гез­де», алыста жатқан Арабстан мен Үн­дістан, Хорезм мен Шығыс Түр­кі­стан мемлекеттері – мұсыл­ман ел­дері алып дастан-жырдың толға­ныс­ты кең панорамасына айналды.
Ал жырдың өзегі ақынның туған Грузиясы болатын. Асқақ рухпен, асқаралы терең тебіреніс­пен Шота Руставели туған Отаны – жаны мен ары – Грузияны бар дауысымен күңірене жырға қосты. Бұл Грузия туралы асқақ гимн болатын. Дәл осы эпос жырда Грузия елінің бүкіл болмысы айқын көрінеді. Бүтін бір елдің тағдырын, тарихи жолын анық, ашық көрсету асқан дарын иесі­нің кемел талантын танытады.
Шота Руставели бір ғана ұлт­тың емес, бүкіл адамзатқа ортақ ұлы ақын. Ұлттық шеңберге де, діни шеңберге де сыймайтын, тек қана көгілдір көкте самғайтын жыр сұңқары!
Алысқа талмай шабатын на­ғыз асыл тұлпар.
Жыр тұлпары!
Пысықтыққа пысқырып қара­майтын өршіл рух!
Бұл мінез өзіне ұнағанымен, тобырға ұнамайды.
Тобырда ақыл тапшы, мінез мүлде жоқ.
Асқақ ақын еркіндігін сақтап саяқ кетеді, немесе тобырға қосылады. Ақынға мәрт мінез осындайда керек.
Не өлім, не өмір?!.
Екі кереғар жол.
Екі тағдыр.
Таңдау ақынның еркінде. Ұлы ақындардың бақыты да осында, соры да осында.
Даналардың даналығы, ұлы­лардың ұлылығы осы таңдау үстінде айқындалған. Шота Руставели бірінші жолды таңдады.
Бұл даналар жолы болатын.
Өмірін сақтай алмаса да, өнерін сақтау даналардың ғана еншісіне жазылса керек.
Туған топырақта бесігің тербеліп, туған топыраққа мәйітің жетіп, мәңгі тыныштық әлеміне оралғанға не жетсін?!. Адамның ақ тілеуі де осы емес пе?!.
Грузияда туып, өкінішке қарай Иерусалимде өлген ұлы Шота Руставелидің рухына тағзым еткен қазақ жазушысы –

Роллан СЕЙСЕНБАЕВ.

ЖИДЕБАЙ.