Жарысқа 16 командадан құралған 233 атлет қатысады (152 – ұл, 81- қыз). Спортшылардың дені - Қазақстанның облыстары мен қалаларынан келген.
Жарыстың жаттықтырушылар және төрешілер құрамы атап өткендей, Алматы, Алматы облысы және Қызылорда облыстарының командалары дәстүрлі түрде мықтылығымен көзге түскен.
«Біз Қазақстан ауыр атлетикасының ұстаханасы - Қызылорда қаласында осы деңгейдегі кезекті жарысты өткізуге қуаныштымыз. Жақында қызылордалық ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушілері – жас атлеттер Есенгелді Сапи мен Рахат Бекболат Қазақстан халқына Наурыз мерекесіне сыйлық жасап, Лас-Вегас қаласында өткен Жастар арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында алтын медальдарды жеңіп алды. Осындай өңірлік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу Қазақстан жастары арасында ауыр атлетиканың дәріптелуіне және осы спорт түрінде жаңа жұлдыздардың пайда болуына септігін тигізеді деп үміттенеміз», деді Ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нуралинов.