12 Желтоқсан, 2012

Козлов арандатамын деп арандады

274 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Козлов арандатамын деп арандады

Сәрсенбі, 12 желтоқсан 2012 7:27

Елден қашқан Әбіләзов ұйымдасқан қылмыстық топ құрған соң оның басшысы етіп Козловты қалдырғаны белгілі. Ал Козлов өзінің сыбайластарын, сөзін тыңдайтын адамдарды жинап, олардың бірқатарын жаңадан құрылған ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылығына жүктеді. Осы адамдардың айтақтауымен көп адам арандап қалды. Мәселен, мұны Ешманов деген куә да жасырмай айтады. Оның айтуынша, егер өз пайдасын ойлаған Козлов пен оның жақтастары ереуілшілдерге қолдау білдіріп, көмектескен сыңай танытып, жалған айтпағанда, отқа май құйғандай болмас еді, дейді. Козловтың көптеген қитұрқы амалдары салдарынан және оның өтірік, жалған сөздерінен кейін мұнайшылар өздерінің әрекеттерін дұрыс деп есептеп, алаңнан кетпей қойған. Мұның арты жақсылыққа апармады.

Сәрсенбі, 12 желтоқсан 2012 7:27

Елден қашқан Әбіләзов ұйымдасқан қылмыстық топ құрған соң оның басшысы етіп Козловты қалдырғаны белгілі. Ал Козлов өзінің сыбайластарын, сөзін тыңдайтын адамдарды жинап, олардың бірқатарын жаңадан құрылған ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылығына жүктеді. Осы адамдардың айтақтауымен көп адам арандап қалды. Мәселен, мұны Ешманов деген куә да жасырмай айтады. Оның айтуынша, егер өз пайдасын ойлаған Козлов пен оның жақтастары ереуілшілдерге қолдау білдіріп, көмектескен сыңай танытып, жалған айтпағанда, отқа май құйғандай болмас еді, дейді. Козловтың көптеген қитұрқы амалдары салдарынан және оның өтірік, жалған сөздерінен кейін мұнайшылар өздерінің әрекеттерін дұрыс деп есептеп, алаңнан кетпей қойған. Мұның арты жақсылыққа апармады.

Әрине, қайдағы жат біреудің ай­тақ­­­та­ғанына ерген де жақсы емес. Қа­лып­тас­қан тыныштық тұрақтылығын бұзып, ел берекесін кетіру өзі отырған бұтақты өзі кесумен бірдей. Бұған жол берген жандардың ел ішін бүлдіргенде не табатыны белгісіз және сол бүліністен көптеген шет мемлекеттердің әлі есін жия алмай жатқандығын көріп отырғанда мұндай шектен шыққандыққа бару мүлде кешірілмейтін іс. Бір мәрте ел іші бүлінсе оның қайта түзелуі қиын-ақ. Демек, ел басына төнген енді мұндай келеңсіз оқиғалар қайталанбас үшін қылмыстық әрекеттерді кімдердің ұйымдастырғанын анық білген жөн. Бұл қылмыстық оқиғаның бас-аяғын мұқият талдаған сот заңсыздықтардың бәрін ашып берді.
Бұған нақты мысалдар да жеткілікті. Мәселен, жоғарыдағы куәнің айтуына қарағанда, 2008-2011 жылдар аралығында «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының мұнай қызметкерлері Әбіләзов, Козлов және Аминовтың басқаруымен бірнеше заңсыз ереуілдерді ұйымдастырған. Осыны пайдаланып, жұмыс берушіге еңбек дауы саласында өздерінің талаптарын қойған. Содан Аминов тобы Соколованың қатысуымен екі рет Жаңаөзен маңындағы Теңге елді мекені қасында жиналыс өткізіп, мұнайшылар арасында жалақы мөлшері 600-700 мың теңге болуға тиіс екенін, алайда басшылар оларды алдап жүргенін айтқан.
Соколова өзінің сөзі сенімді шығуы үшін түрлі есептері бар үнпарақтар таратқан. Козлов бастаған топтың осындай алаяқтық алдаулары салдарынан ереуіл аштық акциясына ұласады. Бұдан кейін Жаңаөзен қалалық соты ереуілдің заңсыз өткізіліп жатқандығы туралы шешім шығарады. Бұл шешімді бәрі естиді. Бірақ Козловтың тапсырмасымен, жоғарыда айтылған Аминов тобы, ереуіл өткізуге болмайтындығын біле тұра жұмысқа барып жүрген мұнайшыларды азғырып, тіпті қорқыту әрекеттерін жасаған.
Бұл Аминов деген Козловтың «ақы­­лымен» 2011 жылдың қаң­та­рын­да «Өзен­мұнай­газ» ӨФ-ның қызмет­керлерінен ұйымдасқан қыл­мыс­тық топ құрмастан бұрын 2008-2010 жылдар арасында мекеме жұмысшыларымен болған бірнеше ереуілдердің ұйым­дас­тырушысы ретінде көзге түсіп, «беделге» ие болған. Және осындай адамдарды Козлов шебер пайдалана білген. Өйткені, Козловқа, әсіресе, Әбіләзовке мұнайшылар, шахтерлер, несие алушылар арасынан өзінің алданғанына еріп жүретін адамдардың көп болғаны тиімді еді. Солардың күшін бір жерге біріктірсе арманына жететіндей көрді. Мұны Әбіләзовтің өзі де жасырмайды. Ол скайп-конференция кезіндегі сөздерінде бірнеше рет: «…Қазір де келесі жылдың аяғына дейін осы билікті құлататындығымызға сенімдімін. Сондықтан мен ойлаймын, біздер биліктің ең осал тұстарын табуымыз керек: мұнайшыларды, шахтерлерді, ипотекашыларды – барлығын бір жерге топтастыруымыз қажет. Себебі, олар орасан үлкен күш болады» немесе «…Жауға қарсы күшті біріктіру қажет. Біздің міндетіміз – билікті құлату.  Менің ұстанымым осы», деп бірнеше мәрте қайталаған көрінеді.
Әбіләзов, жоғарыда айтқандарымен қатар, Қазақстанда билікті қандай жолдармен құлату керектігі жөніндегі нұсқауларын беріп және онымен шектеліп қалмай, тіпті билікті құлатудың нақтылы мерзімін де тағайындайды. Ол «…келесі жылдың аяғына дейін бұл жүзеге асатын тапсырма» деп, 2011 жылдың аяғына дейін билікті құлату керек екенін анық көрсетеді. Мұны мамандар әбден сараптаған. Мәселен, сарапшы-психолог Әбішеваның айтуына қарағанда, бұл скайп-конференцияда айтылған сөздердің мәлімет тарату, сын айту, сендіру түрінде болғанын дәлелдейді. Онда айтылған сөздерде Грузияда, Қырғызстанда болған оқиғалар мысал ретінде келтіріліп, мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына қарсы теріс баға беру, әлеуметтік алауыздықты туғызу мағыналары болған. Ол жерде Әбіләзов нақты тапсырма беріп, күш көрсету мағынасындағы сөздерді нақты қолданған.
Сол сияқты кешенді сараптама жүргізу барысында «К+» телеарнасында берілген Әбіләзовтің сөздеріне қатысты бейне хабарлар қоғам арасында билікке қарсы көзқарастар туғызатын, мемлекеттегі сая­­си және экономикалық жағдайларға те­ріс баға беретін ойдың қалыптасуына әкеп соғатындығы анықталды. Жалпы, бұған қоса Әбіләзовтің «Алға» партиясын тұрақты түрде қаржылай қамтамасыз етіп, партиядағы барлық қозғалыстарды өзінің бақылауында ұстап, тікелей басшылық жасағанын және қаражаттың жұмсалуын Козлов арқылы жүзеге асырып отырғаны күмәнсіз дәлелденеді. Козловтың үйіне тінту жүргізілгенде Әбіләзовтің қолы қойылған орыс тіліндегі «Маңғыстаудағы ереуілге қатысушыларға үндеу», «Билік органдарын таңдайтын уақыт келді» атты үнпарақтар және Козловтың Маңғыстауға барған сапарлары жөніндегі есебі алынған.
Козловтың орынбасары Сизов Коз­лов­тың өз басшыларынан 100 миллион теңге алғандығын жасырмай айтады. Ол қаражат аталған партияның ай­мақтағы ұйымдарының шығындарына жұмсалған. Сизов Козлов қамауға алын­ған­нан кейін партияның қаражат жағынан тапшылық көргенін, сондықтан өзі тіке­лей Әбіләзовпен бірнеше рет скайп-байланысқа шыққанын, сөйтіп олардан не істеу керек деп кеңес сұрағанын атап көрсеткен. Сол скайп-байланыс жазбаларынан Сизовтың Әбіләзовке «Алға» партиясының аймақтардағы бөлімдері бойынша жалпы қаржы шығындары, оның ішінде, штаттағы қызметкерлердің жа­лақысына, автокөліктерге, кеңсе бұйым­дарына, партия белсенділерінің ісса­парларына, мәжіліс өткізілетін ғимарат­тарды жалдауға жұмсалатын шығындарға байланысты мәселелер бойынша толық есеп беріп отырғаны анықталды.
Әбіләзов Сизовқа партияның орталық кеңесінің және аймақтардағы бөлімше қызметкерлерінің штаттық құрылымын, автокөліктер санын қысқарту, сол ар­қы­лы қаражатты үнемдеу туралы нақты нұсқаулар бергені, тіпті қай филиалдан кімді қысқартып, кімді қалдыратынын аты-жөнімен көрсеткені аталған жазбалардан анық көрінеді. Ендеше, бұл дүниелердің бәрі қылмыскерлердің қылмысын дәлелдейтін нақты айғақ болып табылады.
Ал жоғарыда айтылған телефон әңгі­мелерінен, аудиожазба және үнпарақ мә­тіндерінен әлеуметтік араздық пен алау­ыз­дықты қоздыруды насихат­тау айрықша білініп тұрады. Бір сөзбен айтқанда, сарапшылар қолына зерттеу­ге ұсынылған телефон арқылы сөйлесулер, әңгімелердің аудиожазбалары және үнпарақтар мәтіндерінде өкіметті күштеп басып алу және мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру үгіт-насихаты бар екендігі көрсетілген. Зерттеуге ұсы­нылған ны­сан­дарға талдау жасау барысы «К+» телеарнасындағы, «Стан-ТВ». «Рес­­пуб­лика» интернет-порталындағы, «Рес­публика», «Голос Республики», «Вз­г­ляд» газеттеріндегі материалдардың тұ­жы­рымдамалық мазмұны әлеу­мет­тік алауыз­дықты қоздыруға бағыт­тал­ғандығын және оның басты арандатушысы Әбіләзов екендігін анықтап берді. Өйткені, аталған басылымдардағы материалдар мазмұнына талдау жасау барысы оларда өкіметті күшпен жаулап алуға және мемлекет қауіп­сіздігіне нұқсан келтіруге арналған үгіт-насихат бар екендігін көрсетіп берді.
Сөйтіп, ақыр аяғында ойлағандары ойран болған қылмыстық топтың қа­да­мы қайырылды. Ақтау қалалық соты Коз­ловқа, Аминовқа және Сапарғалиға әлеуметтік алауыздықты қоздырып, елдің конституциялық құ­ры­лымын өзгертуге әрекет етті деген айып тақты. Бұлар жазықсыз жандардың өліміне әкеліп соқтырған жаппай қирату мен бүлдіруді бастады. Дегенмен, соңғы екеуі өз кінәларын түсініп, сот процесі барысында мойындағандарымен, Козлов әлі де ел ішін бүлдіруге әрекеті барлығынан танбай отыр.