Президент • 28 Наурыз, 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді

1210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевпен болған кездесуде өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды. Облыс орталығы Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына ерекше назар аударылды.  

«Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А.Павловпен өткен кездесуде тараптар еліміздің банк секторындағы қазіргі ахуалды және осы саланы одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ, Қазақстанның қаржы нарығының өзекті мәселелерін талқылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Орталық Азия Электр энергетикасы корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А.Клебановпен кездесу барысында электр-жылу энергиясын өндіру нарығын дамытудың және еліміздің өңірлерін энергиямен жабдықтау ісінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне баса мән берді. Тараптар, сондай-ақ, энергиямен жабдықтау саласындағы тариф саясатын іске асырудың қазіргі үдерісін талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50