Руханият • 30 Наурыз, 2019

Алматы музейінде «Мәншүктің рухына тағзым» көрмесі ашылды

1698 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы музейінде ашылған «Мәншүктің рухына тағзым» көрмесінде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы М. Мәметованың мемориалдық музейінен әкелінген жүзден астам эспонат көрме залына қойылды.

Алматы музейінде «Мәншүктің рухына тағзым» көрмесі ашылды
Қазақтың қаһарман қызы Мәншүктің от кешкен тағдыры исі қазаққа мәлім. КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының бұйрығымен 1944 жылы 1 наурызда Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 
Бұл көремеге Алматы қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп ұжымы да үлкен қолғабыс етті.
Алматы музейінің директоры Бақберген Тайшиев қазақ халқының қаһарман қыздары  Мәншүк пен Әлияның ерлігі хақында толғанып, Шығыстың қос жұлдызының ІІ Дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерен ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтсе,  Орал қаласы жергілікті өлкетану музейі директорының орынбасары Ажар Бердіқалиқызы 180 жылдан астам тарихы бар музей тарихына тоқталып, Мәншүк рухына арналған көрменің маңыздылығын атап өтті. Көрмеге арнайы шақырылған  Мәншүк Мәметованың туыстары Шолпан және Айман Маметовалар, Тамара Қалисарқызы естеліктерімен бөлісті. Мәншүктің неміс басқыншыларымен күрестегі ерлігі хақында айтылған естеліктер студенттер мен мектеп оқушыларының терең толғанысын туғызды.

АЛМАТЫ