Бизнес • 30 Наурыз, 2019

Шағын кәсіпкерліктің өрісі кеңеюде

803 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында шағын және орта кәсіп субьектілері саны өсіп келеді деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Шағын кәсіпкерліктің өрісі кеңеюде

Мәселен, соңғы жылдардың өзінде олардың саны 13,8 пайызға көбейген. Биыл шағын кәсіпкерлікті несиелеуге 4 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Олар жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту "Еңбек" бағдарламасын іске асыруға бағытталатын болады. Оның ішінде облыстық бюджеттен өңірлік инвестициялық орталық үшін стартап-жобаларды қаржыландыруға 500 млн.теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, "Бизнес-Кеңесші" бағдарламасы аясында 2019 жылы 737 адамды оқыту жоспарланып отыр. Ал "Бастау-Бизнес" бағдарламасымен 800 адам біліктілігін арттыратын болады.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жыл басынан бері екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 658 млн. теңгені құрайтын 27 жобаны мақұлдаған.

Облыста жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы және мемлекеттік бағдарламалар шағын және орта бизнеске деген сенімділікті осылайша нығайтып келеді.

Қызылорда облысы.