Спорт • 30 Наурыз, 2019

Баскетбол: Ел кубогының иегері анықталды

567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баскетболдан әйелдер арасындаңы Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың жеңімпазы анықталды.

Баскетбол: Ел кубогының иегері анықталды

Финалдық сайыс «Астана Тайгерс» пен Павлодардың «Ертіс» командалары арасында өтті. Бұл бәсекеде елордалық арулардың басымдығы айқын байқалды. Матчтың басынан аяғына дейін үстемдік құрған олар 71:31 (17:8, 15:6, 20:9, 19:9) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, «Астана Тайгерс» биылғы маусымда ел кубогын олжалады.  

 Ал үшінші орын үшін тартыс «Астана Тайгерстің» жастар құрамы мен Көкшетаудың «Синегорье» клубтары арасында өтті. Бұл кездесуде де Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері жеңіс тойын тойлады. Есеп – 66:34 (18:6, 24:1, 14:9, 10:18).