Әлем • 30 Наурыз, 2019

Берлинде Еуропадағы түркітілдес диаспоралардың ынтымақтастығы мәселесі талқыланды

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліске Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев және ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз бөлімі хабарлайды.

Берлинде Еуропадағы түркітілдес диаспоралардың ынтымақтастығы мәселесі талқыланды

Бейресми мәлімет бойынша, бүгінде Германияда түркі тілдерінде сөйлетін 4 миллионнан аса адам тұрып жатыр.  Кездесуге қатысушылар бірлескен жобалар мен өзара ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін де талқылады. Мысалы, Германияда тұратын қазақтарды тіл мәселесі алаңдатып отыр. «Аға және орта буын қазақ тілінде сөйлесе, өскелең ұрпақ тіл білмейді», – дейді олар.

Алайда жастардың туған тілін меңгеруге ниеттері зор. Сол себепті, қандастарамыз Еуропада қазақ тіл орталықтарын ашып, бірлескен шараларды көбірек өткізуді көздейді.  Берлиндегі қазақ диаспорасының өкілі Малабакан Безерітхан, журналистермен кездескен кезде Астанада болғанын,  қазір астанамыздың аты Нұр-Сұлтан болып өзгертілгенінен хабары бар екенін айтыпты.

 «Оған да қуаныштымыз. Елбасы сол кезде айтқан сыртта шетелде жүрген қазақтардың мәселесі Қазақстанның назарында тұратынын айтты. Отандастар қорынан келген ағаларымыз Абай институттарын ашамыз деп, бізге сөз берді», –дейді Малабакан Безерітхан.  

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасары Омер Косаман диаспора өкілдерімен кездескенде  бірнеше маңызды шешім қабылданғанын айтты.

«Бірлескен жобалар мен бағдарламаларды қолға алатын болып, жоспар құрдық. Әр елдегі диаспора өз шараларын өткізіп жүр. Біз бәрін біріктіргіміз келеді. Еуропада, АҚШ пен бүкіл әлемде түркітілдес диаспоралар арасында диалог орнаса дейміз. Көздейтін мақсатымыз да осы», -деп сөзін түйіндеді  Омер Косаман. 

Алматы