Қоғам • 30 Наурыз, 2019

Нұр-Сұлтанда ұландықтар жоғалған ұялы телефон мен ақшалы әмиянды иесіне қайтарды

685 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 наурыз кешкі сағат 20:00 шамасында Алматы ауданы Абылай хан көшесінің бойында Ұлттық ұландықтар қызмет барысында ер адамның ішінде құжаттармен қоса, 20 мың ақша, әрі «IPhone 7» маркалы ұялы телефон бар әмиянды тауып алған, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда ұландықтар жоғалған ұялы телефон мен ақшалы әмиянды иесіне қайтарды

Қызметте жүрген Әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрберген Ескендіров қасындағы патрульдік көмекшілері қатардағы Дастан Құттыбеков пен Сисен Айтенов бірге тауып алған сәтте бірден кезекші патрульдік топтың бастығына хабарлаған.

Табылған заттар Алматы ауданы полиция қызметкерлеріне табысталған. Шамалы уақыттан кейін, полиция бөлімшесіне ер адам хабарласқан. Ел азаматына жоғалған заттарын Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері тауып алғанын айтқаннан кейін, ер-азамат әскери бөлім мекен-жайына қызметте қырағы әрі, адал болғандары үшін алғыс хат жолдаған.