Жезқазғанның 18 жасар жаңа аруы жергілікті гуманитарлық колледждің шет тілдері факультетінде оқиды. Ағылшын тілі пәнінің болашақ мұғалімі.
Арайлым кәсіби тұрғыда би өнерімен шұғылданады. Республикалық деңгейде өткен байқауларда жеңімпаз атанған. Модельдік бизнесте де бағын сынап, мектеп пен колледжде өткен сайыстарға қатысқан тәжірибесі бар.
«Сахна – менің жүрек қалауым. Болашақта кәсіби модель болып, дүние жүзін шарлағым келеді», дейді Арайлым.
Енді Арайлым Хамитова Жезқазғанның намысын республикалық конкурста қорғайтын болады. Сондай-ақ, «Қазақстан аруы-2019» конкурсында Қарағанды облысының атынан Дариға Сақбосынова да бақ сынайды. Ол 2018 жылы өткен «Қарағанды аруы» байқауында үздік шққан болатын.
Қарағанды облысы