Талдықорғанда өткен марқұмдардың жаназасына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан мұсылдандары дініи басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.
Қайғылы оқиға 27 наурыз күні Қызылорда облысының аумағында болған еді. Оқу-жаттығу ойындарына қатысу үшін әуеге көтерілген әскери техника тосыннан апатқа ұшырып, тікұшақ бортындағы 13 адам түгелдей қаза тапты. Азаматтық борышын атқару барысында қаза тапқан жауынгерлердің арасында Алматы облысында туып-өскен 8 азамат болған. Бүгін жетісулықтар марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды.
Бұған дейін қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасымен Қорғаныс министрлігінің атынан кездескен Талдықорғандағы 21/751 әскери бөлім командирінің орынбасары Бекболат Жұмабаев марқұмдардың туған-туыстарына материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігі жауынгерлердіңдің отбасы тұрып жатқан үйді жекешелендіріп бермек немесе оларға баспана сатып алу үшін қаржы бөледі. Сондай-ақ, облыс әкімдігі тарапынан да қаза болғандардың отбасына әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдер жасалады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айту барысында мәлімдеді.
Алматы облысы