Аймақтар • 31 Наурыз, 2019

Павлодарда тарифтерді төмендету екі жылға арнап жасалған

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтер тарифінің көлемі төмендей бастағаны белгілі.

Павлодарда  тарифтерді төмендету екі жылға арнап жасалған

Өңірдегі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің мәліметінше,  еліміздің Қауіпсіздік кеңесінің былтырғы отырысында Елбасы тапсырмасына сәйкес, табиғи монополиялар нысандарының тарифтерін төмендету бойынша біраз жұмыс атқарылыпты.

Ал, 2015 жылы қабылданған заңнамаға сәйкес, коммуналдық қызмет көрсететін монополистердің, олардың қатарында облыс  орталығындағы «Энерго-сбыт», «Водоканал» ЖШС компаниялары бар, 2016-2020 жылдарға арналған шекті тарифтер деңгейін бекіткен.

Бұл заңнама  жыл сайын тарифтер өседі. Облыс орталығында жылумен қамту көлемі 3,1 пайызға, сумен қамту көлемі 15,6 пайызға көбейер еді.

Сондықтан, былтырғы тапсырма барысында бұл өсімді болдырмаудың амалдары жасалды.

Яғни,  төмендетілген тариф бағаларына арналған бағдарламаларын монополистер бір- екі жылға арнап әзірлеген.

Нәтижесінде, қазір  «Павлодар-Водоканал» ЖШС суды пайдалану құралдары бар тұтынушылар үшін тарифті 9,4 пайызға төмендетіп, бір шаршы метрі үшін бұрынғыдай 36,32 теңге емес, 32,92 теңге алаы.

 Ал, арнайы есептеу құралдары жоқ тұрғындар үшін баға 9,6 пайызға арзандап, 54,65 теңгеден 49,40 теңгеге дейін түсті.

Сонымен қатар, департаменттің мәліметінше, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның №3 ЖЭО-нан берілетін жылу бағасы 9,1 пайызға, «Павлодар жылу желілері» ЖШС-нің тарифі 2,6 пайызға, электр энергиясының бағасы 5 пайызға төмендеді.

Сөйтіп, 1 бөлмелі пәтер иелері жылу ақысынан айына 194,7 теңге, 2 бөлмелі пәтер тұрғындары 389,4 теңге, 3 бөлмелі пәтер иелері 519,2 теңге үнемдеуде.

Павлодар облысы