Аймақтар • 31 Наурыз, 2019

Павлодар облысында 691 көп балалы отбасы тұрғын үй кезегінде тұр

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық мәслихаттың кезекті XXIX сессиясында өңірдегі көп балалы және аз қамтамасыз етілеген отбасыларды қолдауға 2 млрд теңге бөлінетіні айтылды.

Павлодар облысында 691 көп балалы отбасы тұрғын үй кезегінде тұр

Бұл қаражаттың 1 млрд теңгесі жергілікті бюджет, қалған 1,3 млрд теңгесі республикалық бюджеттен.

Сонымен бірге, Ақсу қаласы Астана көшесі 58 тұрғын үйден 102 пәтерді  жалға берудің нәтижесінде 102 отбасы баспаналы болмақ.

Облыстық Энергетика және Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бұл күндері  тұрғын үй кезегінде тұрған 691 көпбалалы отбасылардың жағдай тұрақты назарда.

 Жалпы, өңірде  4 және одан да көп баланы тәрбиелеп отырған 3839 отбасы бар. Олардың 300-ден астамына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

Ал, 1-ші сәуірден бастап облыс бойынша көп балалы отбасылардың 3  мыңнан аса баласы балалар бақшасына тегін қабылданады.

Және аз қамтамасыз етілген отбасылардың 12 мыңнан аса оқушысының мектепте тегін тамақтануы, жазғы демалысы мен киім-кешекпен қамтылуы мәселесі қолға де алынады.

Күн тәртібіндегі осы мәселеге облыс әкімдігі тарапынан қала және аудан әкімдеріне   қоғамның кәсіпкерлік және басқа да өкілдерін қатыстыру жөнінде тапсырма берілді.

 Яғни, тапсырма бойынша қала және аудан әкімдері, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары осы мәселені бизнес өкілдерімен бірлесе шешуі тиіс.

Бұл күндері облыстық бюджеттен «Бірыңғай әлеуметтік қызметтер пакеті және аз қамтылған көп балалы отбасыларды қолдауды» жүзеге асыру жұмыстары басталып та кетті.

Павлодар облысы