Әлем • 31 Наурыз, 2019

Зузана Чапутова - Словакия тарихындағы алғашқы әйел президент

975 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайлау қорытындысы бойынша, ол 58% дауысқа ие болған, ал оның қарсыласы үшін дауыс берген халықтың көрсеткіші- тек 42%, деп хабарлайды Deutsche Welle сайты.

Зузана Чапутова - Словакия тарихындағы алғашқы әйел президент

  Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары Марос Шефчович өзін қолдаған сайлаушылардың  42%-ына алғысын білдіріп, жеңілісін мойындады. Сондай-ақ жаңа президентті жеңісімен құттықтады.

  Зузана Чапутова сайлау науқанында "Зұлымдыққа қарсы тұрамыз" деген ұранмен билікке батыл сын-пікір айта білген еді. Ол: "сайлаудың нәтижелері гуманизм, ынтымақтастық және шындық сияқты құндылықтардың Словакия қоғамы үшін маңызды екенін көрсетуі керек», деп мәлімдеген болатын.