Аймақтар • 31 Наурыз, 2019

ШҚО Ұлан ауданында 100 орындық демалыс базасы салынады

1387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі туризмді дамытуға қолайлы аудандардың бірі – Ұлан ауданы. 2018 жылы бұл ауданға 32 мың турист келіп, 2017 жылмен салыстырғанда 14 мың адамға (74,5%) ұлғайыпты.

ШҚО Ұлан ауданында 100 орындық демалыс базасы салынады

Бүгінде аудан аумағында 18 туризм нысаны жұмыс істейді.  Қазіргі уақытта Сібе көлдерінің Қоржынкөл аталатын 4-інші көлінде «Жібек жолы» атты қонақүй кешенінің құрылысы жалғасуда. Жалпы құны 2 миллиард теңгені құрайтын жобаның 200 миллион теңгесі игеріліп, 50 орындық қонақүй, келушілердің қыста және жазда серуендеп, отырып демалуына ыңғайлы төбесі жабық жайлар орнатылыпты. «2019 жылы «Аблакетка» су қоймасында спорттық-әуесқой балықшылар клубы жобасын жүзеге асыру жоспарымызда бар. Жоба бастамашысы - «Елдос» шаруа қожалығы. Сонымен қатар Садыркөл көлінде 100 орындық демалыс базасының құрылысы басталады. Жоба құны – 40 миллион теңге. Сондай-ақ, Дубығалы және Шыбындыкөл көлдеріне баратын жолдарды жөндеу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр», - дейді Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Шығыс Қазақстан облысы