08 Қаңтар, 2012

Тәртіп сақшыларының қоғамдық көмекшілері

520 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәртіп сақшыларының қоғамдық көмекшілері

Жексенбі, 8 қаңтар 2012 0:01

Жуырда қала әкімі Айбек Кәрімов орталық алаңда тәртіп сақшыларының қоғамдық көмекшілері болып қабылданған бір топ жасқа арнайы куәлік пен төсбелгілерін салтанатты жағдайда табыс етті. Бұрынғы халық жасақшысының жаңартылған нұсқасының жүзеге асырыла бастағанына көп уақыт өтпегенімен, олардың қатары үш жүзден асып үлгерді.

Бұлардың басым бөлігі студенттер болып табылады. Соның ішінде Семей полицейлерінің қоғамдық көмекшілерін негізінен Шәкәрім атындағы және медицина университеттерінің студенттері құрап отыр. Солайша болашақ мамандар қоғамдық тәртіпті сақтап, орнықтыруға да өз үлестерін қосуда. Ал ертеңгі күні солардың ішінен құқық қорғау саласына баруға тілек білдіретіндер де болуы әбден мүмкін ғой. Өйткені, кезінде орган қызметкерлерінің қатарын комсомол жастар толықтырып жататын. Ал өткеннің оңды тәжірибесін алып жатсақ, несі айып?

Қала басшысы тәртіп сақшылары қоғамдық көмекшілерінің кезекті легіне куәліктер мен төсбелгілерін тапсыра отырып, осындай игілікті іске қаладағы іргелі кәсіпорындар мен ұйымдардың да қызу атсалысулары қажеттігін қадап айтты. Соның бәрі қала тыныштығын сақтауда таптырмайтын игі үрдіс екендігі айтпаса да түсінікті.

Дәулет Сейсенұлы,

«Егемен Қазақстан».

Семей.