Спартакиаданың ашылу рәсімі Қызылорда облысында ҚР ҚК тікұшағының апатқа ұшырауы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге құрмет көрсету бойынша үнсіздік минутынан басталды, деп хабарлайды шараның ұйымдастырушылары.
Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысовтың айтуынша, спортпен айналысуға уәждеме жасаудан басқа бүгінгі жарыстың басты мақсаты әскери қызметшілердің балалары қатарынан Армия орталық спорт клубының әлеуетті спорттық резервісін қалыптастыру болып табылады. Қарулы Күштердің қатарын толықтырып, армиялық клубтың намысын республикалық және халықаралық маңызы бар сайыстарда қорғайтын жас ұрпақ екені даусыз. Шара аясында 11 әскери гарнизоннан келген 140-тан аса бала қазақ күресі, таэквондо, үстел теннисі, мини футбол және эстафета түрінде 400 метрге жүгіру бойынша спорттың бес түрінен бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің балалары арасында Тараз гарнизонының командасы бірінші орынды, Гвардейск гарнизонының спортшылары екінші орынды және Семей гарнизонының командасы үшінші орынды иеленді.