Қоғам • 01 Сәуір, 2019

Сүт өнімдері қымбаттап барады

1166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Басқа тауарлармен салыстырғанда сүт өнімдері қымбаттап барады. Бағаның көтерілгендігіне қарамастан, сүт және сүт өнімдеріне деген сұраныс 7 пайызға өскен.

Сүт өнімдері қымбаттап барады

Осындай мәліметтер бойынша ақпарат ұсынған energyprom.kz мәліметтері бойынша еліміздің үй шаруашылығында сүт өнімдерін тұтыну өткен жылдың соңғы тоқсанында жан басына шаққанда 64,4 литрді құраған. Көрсеткіш одан бір жыл бұрынғы мерзіммен салыстырғанда 6,9 пайызға артқан. Сүт және сүт өнімдерін әсіресе Алматы тұрғындары көп тұтынған, жан басына шаққанда 77,5 литр, Ақмола облысы бойынша – 75,3, Қарағанды облысында  – 72,5 литр. Ал ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында салыстырмалы кезеңмен алғанда сары май өндірісі 16,9 пайызға өсіп, 2,1 тоннаны құраған, ал ірімшік және сүзбе 3,6 пайызға, яғни 4,3 мың тонна өндірілген. Ал сұйық әрі өңделген сүт өндірісі керісінше 1 пайызға төмендеп, 84,7 мың тонаны құраса, өзге сүт өнімдері өндірісі 4,1 пайызға – 1,1, тоннаға дейін төмендеген.


Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»