«Қазавтожол» мамандары «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізі бойындағы 205 нысанды зерттеген. Осы даңғыл жиегінде жол қызметі кешендері мен жанармай бекеттері дамып келеді. Ұлттық компания мамандары облыстық әкімшіліктер, жекелеген инвесторлармен келісімдер жүргізе отырып, бизнес үшін қолайлы жағдай туғызып, трансұлттық дәліз бойында орналастыруға дайын. Цифрландыру аясында өткен жылы KazWay мобильдік қосымшасы іске қосылып, оған республикалық маңызы бар жолдардағы жол қызметі нысандары, елді мекендер және дәрігерлік көмек тіректері енгізілген. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» даңғылының бойындағы қызмет түрлері суреті және сипаттамасымен Google Maps және Яндекс Карталарына да енген.
Эльвира Серікқызы,
«Егемен Қазақстан»