Президент қарсылығын еңсере алмады
Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 7:49
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Конституциялық Кеңес Орталық сайлау комиссиясының хаты бойынша қолданылып отырған төтенше жағдай кезінде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бесінші сайланатын және Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты өзінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі №5 қаулысын түсіндіру туралы қосымша қаулы қабылдағаны белгілі. Онда Конституциялық Кеңес Орталық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында республиканың өкілді органдарына сайлау өткізуге байланысты мәселелер бойынша жолдаған сұрақтарына сай түсіндірме берді.
Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 7:49
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Конституциялық Кеңес Орталық сайлау комиссиясының хаты бойынша қолданылып отырған төтенше жағдай кезінде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бесінші сайланатын және Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты өзінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі №5 қаулысын түсіндіру туралы қосымша қаулы қабылдағаны белгілі. Онда Конституциялық Кеңес Орталық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында республиканың өкілді органдарына сайлау өткізуге байланысты мәселелер бойынша жолдаған сұрақтарына сай түсіндірме берді.
Өйткені, Конституциялық Кеңес сайлау ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне, сондай-ақ сайлау комиссияларының қызметіне қатысты бірқатар қаулылар қабылдағаны белгілі. Мәселен, солардың бірі 2004 жылы сәуір айында Мемлекет басшысының өтініші бойынша қаралып, бұл өтініште Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының Ата Заңға сәйкестігі туралы мәселе қойылған болатын. Сөйтіп, Конституциялық Кеңестің қаулысымен бұл Конституциялық заң Негізгі Заңға сәйкес деп танылды.
Міне, енді, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында енгізілген төтенше жағдай режімімен тұспа-тұс келген бесінші сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын дайындау үдерісі Конституциялық Кеңестің аталған осы қаулысын қолданар кезде Орталық сайлау комиссиясында кейбір құқықтық бағыттарды нақтылау туралы мәселе туындады. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясы аталған қаулыға түсінік беру туралы Конституциялық Кеңеске хат жолдап, Қазақстан Республикасы Президентінің Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай енгізу және оның қолданысын ұзарту туралы Жарлықтарының негізінде Орталық сайлау комиссиясы еліміздің өкілді органдарына депутаттар сайлауын Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында өткізуге құқылы ма деген бірқатар сұрақтар қойған еді.
Бұған Конституциялық Кеңес мемлекеттің азаматтардың сайлау құқығы жүзеге асырылуының тәртібі мен шарттарын айқындап қана қоймай, бұл құқығын өзге де конституциялық құқықтары және бостандықтарымен бірге толық көлемінде өздерінің жеке қауіпсіздігі, сондай-ақ сайлаудың жариялылығы мен бәсекелестігі жағдайында іске асыруын да қамтамасыз етуге тиіс деді. Алайда, төтенше жағдай режімі кезінде жеке және заңды тұлғалардың бірқатар құқықтары мен бостандықтарына уақытша шектеу қолданылатын жағдайда мұндай мақсаттарға қол жеткізу өте қиын. Демек, төтенше жағдай қолданылып отырған кезде ел азаматтарының өз қалауын еркін білдіруін, конституциялық құқықтары мен бостандықтарын толық жүзеге асыруын қамтамасыз ету мүмкін болмауына байланысты, Төтенше жағдай туралы заңда тікелей тыйым салынғандықтан, төтенше жағдай режімі қолданылып отырған жерлерде сайлау өткізілмейді және осыған сай Орталық сайлау комиссиясы өз құзыреті шегінде Конституцияның және республика заңнамасының талаптарын жүзеге асыруға қажетті шараларды қабылдайды, деп шешімін түйіндеген болатын.
Дегенмен, Конституцияның 73-бабының 4-тармағында Конституциялық Кеңестің шешіміне Республика Президенті қарсылық білдіре алатындығы жазылған. Бұл қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен еңсеріле алады. Президент қарсылығы еңсерілмеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбады деп есептеледі. Міне, осыған орай Президент үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында Конституциялық Кеңестің аталған қосымша қаулысына қарсылық енгізді, яғни вето қойды. Өйткені, Мемлекет басшысы қабылдаған шешімнің басты мақсаты – Жаңаөзен тұрғындары үшін мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайланудағы өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету болды.
Сөйтіп, кеше Мемлекет басшысының аталған қарсылығын Конституциялық Кеңес мүшелері дауысқа салды. Осыған орай Конституциялық Кеңес мүшесі І.Бақтыбаев Конституциялық Кеңес Конституцияның 73-бабының 4-тармағын және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы Конституциялық заңының 38-бабының 3-тармағын басшылыққа алып, Конституциялық Кеңестің 6 қаңтардағы №1 қосымша қаулысы қабылданбады деп есептейді және Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын Конституцияға сәйкестігі жөніндегі тексеру туралы Конституциялық Кеңестің 2004 жылғы 9 сәуірдегі №5 қаулысына түсіндірме беру жөніндегі өтініші бойынша Конституциялық іс жүргізу қысқартылсын деп қаулы етеді, деді. Осылайша Конституциялық Кеңес мүшелері дауыс бергенде Мемлекет басшысының қарсылығы еңсерілмеді.
Александр ТАСБОЛАТОВ.