Әлем • 01 Сәуір, 2019

«Эйр Астанада» 5-6 сәуір күндері Ыстамбұлға ұшақ ұшпайтынын мәлімдеді

722 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл шешім Стамбулдағы Ататүрік әуежайының жабылып, рейстердің жаңа әуежайға көшірілуімен байланысты қабылданған. Осы жағдайға орай сәуір айының 5-6 күндеріндегі рейстер тоқтап, 7 сәуірден бастап Стамбулдан ұшатын әрі келетін рейстер жаңа әуежайға қонатын болады.

«Эйр Астанада» 5-6 сәуір күндері Ыстамбұлға ұшақ ұшпайтынын мәлімдеді

Жаңа әуежай Стамбулдың еуропалық бөлігінен солтүстікке қарай 35 шақырымда орналасқан. Аталған компания баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ұшу кестесіне өзгерістер енгізілген. 5 сәуірде КС869/870 Атырау-Стамбул-Атырау және КС 911/912 Алматы-Стамбул-Алматы; 6 сәуірде  КС 911/912 Алматы-Стамбул-Алматы және КС 917/918 Астана-Стамбул-Астана» рейстеріне билет сату тоқтаған. Қазіргі кезде Стамбулға Алматыдан аптасына 7 рет, Астанадан – 5, Атыраудан 2 рет күнделікті рейстер бар.


Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37