Әдебиет • 02 Сәуір, 2019

«Дипломатия жаршысының» көктемгі нөмірі жарыққа шықты

706 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дипломатия жаршысы» журналы оқырмандарды сыртқы саяси алаңдағы және ұлттық деңгейдегі маңызды трендтермен және оқиғалармен таныстыруды жалғастыруда. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Дипломатия жаршысының» көктемгі нөмірі жарыққа шықты

2019 жылғы алғашқы шығарылым Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың «СІМ дамудың жаңа кезеңінде» атты мақаласынан басталады. Онда Министрліктің инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру міндеттері мен экспортты ілгерілетудегі рөлі белгіленген.

Шығарылымда Орталық Азиядағы жағдайға және біртіндеп күшейіп келе жатқан Қазақстан-Өзбекстан қатынастарына ерекше назар аударылды. Өңірлік қауіпсіздік аясындағы Қазақстан мен Өзбекстанның көпжоспарлы екіжақты ынтымақтастығы туралы көзқарасымен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі  Абдулазиз Камилов «Дипломатия жаршысы» үшін жазған эксклюзивті мақаласында бөліседі.

«Экономикалық дипломатия» айдарында оқырмандардың назарына «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Биржа басқармасының төрағасы Тимоти Беннетт және Polpharma ірі фармацевтикалық компаниясының Байқаушы кеңесінің төрағасы Ежи Старактың жарияланымдары ұсынылады.

Журнал «Кітап сөресі» атты жаңа айдармен толықтырылды. Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» атты бірегей кітабын басып шығарды. Басылымда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директоры Мариан Әбішеваның сын пікірі ұсынылған.

Көктемгі шығарылымда Татарстан Республикасының Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігіндегі орны; еліміздің ядролық қарусызданудан БҰҰ бітімгершілерін дайындауға дейінгі жолы; Қазақстандағы діни саланы дамыту; әлеуметтік желілер дипломатиясы және т.б. маңызды тақырыптар берілген

«Дипломатия жаршысы» қазақ, орыс («Вестник дипломатии») және ағылшын тілдерінде («The Diplomatic Herald of Kazakhstan») басып шығарылады.