27 Қаңтар, 2012

Прокурорлық тексеру дұрыс жолда келе жатыр

296 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Прокурорлық тексеру дұрыс жолда келе жатыр

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:10

Жаңаөзендегі жаппай тәртіп­сіз­діктің орын алу себептері анықталды. Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың мәлімдеуінше, осыған дейін жаппай тәртіп­сіз­дік­терді ұйымдастырған адам­дар­дың аттары белгілі болып, оларға Қылмыстық кодекстің 241-ба­бы­ның 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Тергеу барысында мемлекет қаржысын та­лан-таражға салған Жа­ңа­өзен қала­сы­ның бұ­рын­ғы және қа­зір­гі бас­шы­ларының да қыл­мыс­тық әрекеттері әш­ке­ре­ленген. Атап айт­қанда, қоғамдық қорлар арқылы лауазымды тұл­ға­лар мен қорлардың басшылары қала тұрғындарына қол­дау көрсетуге арналған демеушілік қаржыларды қолма-қол ақ­ша­ға айналдырып, өз пай­даларына жарат­қан екен. Соны­мен қатар, тәртіп­сіз­діктің орын алуына себеп болған жағ­дай­лардың бірі ретінде жекелеген тұл­ғалар­дың жұмыс­тан боса­ты­луы болып отыр.

Осы арада айта кететін бір нәрсе бар. Жаңаөзендегі жағдай Елбасының тікелей наза­рын­дағы мәселе. Жаппай тәр­тіпсіздік орын алған аймаққа Ұлт көшбас­шы­сы­ның өзі барып, мән-жайды көзі­мен көріп, тұрғын­дар­мен ашық әңгімелесуінің өзі осыны айғақтайды.
Жаппай тәртіпсіздіктің себеп-салдары толық анықталды дей алмаймыз. Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Жаңаөзендегі жағ­дай­дың әлі де жіті зерттеліп, терең талдау жасалатынын және оны қоғам назарында ұстайтынын айт­­ты. Дегенмен, прокурорлық тек­серістер­дің оң және дұрыс жолда келе жатқанын байқаймыз.
Сәбит ЖӘРЕКЕЕВ, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі.
Қызылорда.