Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

Республикалық мектеп олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті

677 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-30 наурыз аралығында Ақтөбе және Қызылордада республикалық мектеп олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Білім додасына бүкіл Қазақстаннан 9-11 сыныптардан 1432 оқушы қатысты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республикалық мектеп олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті

Оқушылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 15 пән бойынша жарысты.

Олимпиадада Қарағанды облысының командасы 17 медаль жеңіп алды: 5 алтын, 4 күміс және 8 қола. Жалпы командалық есепте біздің оқушылар ІІІ орынға ие болып, «Үздік олимпиадалық команда-2019» атағына ие болды.

«Білім-инновация» лицейінің Қарағандыдағы филиалының он бірінші сынып оқушылары Түймада Менделеева мен Олжас Нұрпейісов және Жезқазғаннан Денис Романов үшінші жыл қатарынан республикалық олимпиадада 1 орын иеленіп келеді.