28 Қаңтар, 2012

Халық үшін, ел игілігі үшін жасалған

953 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Халық үшін, ел игілігі үшін жасалған

Сенбі, 28 қаңтар 2012 7:39

Елбасының қай Жолдауын алып қарасаңыз да, ха­лықты әлеуметтік қолдау мен халық игілігі үшін өнді­­рісті дамыту оның негізгі өзегі болып келеді. Бұл жолғы Жолдауда да бірден көзге түсіп, көңілге қуаныш ұялататын мәселелер аз емес. Десек те Ұлт көш­басшысының енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRС, «Қазақ­мыс» компанияларының басым активтері мемлекет иелігінде болады. Кезінде мен мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз деп айтып едім деген тұрғыдағы сөздері көптің көкейінде жүрген біраз түйіннің шешімін тапты деген жөн.

Сенбі, 28 қаңтар 2012 7:39

Елбасының қай Жолдауын алып қарасаңыз да, ха­лықты әлеуметтік қолдау мен халық игілігі үшін өнді­­рісті дамыту оның негізгі өзегі болып келеді. Бұл жолғы Жолдауда да бірден көзге түсіп, көңілге қуаныш ұялататын мәселелер аз емес. Десек те Ұлт көш­басшысының енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRС, «Қазақ­мыс» компанияларының басым активтері мемлекет иелігінде болады. Кезінде мен мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз деп айтып едім деген тұрғыдағы сөздері көптің көкейінде жүрген біраз түйіннің шешімін тапты деген жөн. Әсіресе, Қара­шы­ғанақ, Қашаған кен орындарына мемлекеттің үлесін арттыру саяси-стратегиялық жағынан да, әлеуметтік-экономикалық жағынан да ха­лыққа, елге, мемлекетімізге тиімді болмақ.

Екіншіден, өткен жылы «Қазақстан Респуб­ликасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгі­зілді. Соның жалғасы ретінде жастарды, оның ішінде отбасылы жастар мен жас кәсіпкерлерді қолдау мәселесі күн тәртібіне шығып отыр. Бұл – өте қуантарлық мәселе. Елбасымыз осы жиырма жыл ішінде жастарды қолдау туралы әрдайым айтып келеді. Жастарға сапалы білім беру, оларды жұмыспен қамтамасыз ету, алаң­сыз өмір сүруге қажетті жағдай жасау осыған дейін де айтылып, жасалып келді.
Ал бұл жолғы Жолдауда жастар бизнесін қолдау нақты көрініс тапты. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Үкіметке жұмыспен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын жасауды тапсырды. Онда негізгі бағыттың бірі ауылды жерде кәсіп­керлікті дамытуды көздейді. Бұл бағдарламада ең алдымен ауыл жастарын жұмыспен қамту басты назарда болуы тиіс. Ол үшін ауылдарда жас­тар­дың кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашылуы керек. Мә­селен, «Қазақстан Республи­касын­да­­ғы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға сәйкес, ауылды жерлерде жастар мен жастар ұйымдары құрған фермерлік қожа­лық­­тарға несиелік, салықтық жеңілдіктер бе­ріліп, мемлекет тарапынан қолдауға ие болған жағ­дай­да біз, біріншіден, жастарды жұмыспен қам­та­масыз етеміз, екіншіден, жастар бизнесі­нің дамуына жол ашамыз, үшіншіден, жастар­дың ауылда тұрақтауына жағдай жасаймыз, төртін­ші­ден, аймақтың дамуына мүмкіндік береміз.
Елбасының Жолдауында осы мәселенің бәрі жан-жақты қамтылған. Ендігі мәселе Үкіметтің Елбасының тапсырмасын ауылдың, аймақтың нақты мүмкіндіктерін назарға ала отырып іске асыруы болмақ. Елбасының жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы да елдің, халықтың игілігіне жұмыс істейтін игі істің бірі. Ол осы уақытқа дейін де атқарылып келеді, енді де жалғаса береді. Мұны бола­шағын ойлаған, «Жастар – біздің болаша­ғымыз» деген қанатты сөзді іс жүзіне асыратын елдің игі қадамы деп бағалаған жөн.
Сонымен бірге, қазірдің өзінде елдің қызу талқылауын туғызып, көпті қуанышқа бөлеген мәселе – елімізді газбен, электр энергиясымен қамтамасыз ету. Бұл жағдай халықтың көңіл күйін жақсартуға ғана емес, аймақтардың экономикасының дамуына да үлкен қозғаушы күш болатынын Елбасы баса айтты. Мұны халық толықтай қолдап отыр.
Ал елдің ішкі рыногына шығатын жанар майдың көлемін арттыру, бензин сапасын жақ­сарту да келелі мәселе, өте қажет жағдай. Бензин сапасын жақсарту мен оған қолжетімділікті қамтамасыз ету көптеген экологиялық қана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуге негіз болады. Жанар-жағар майдың қолжетімділігі оның бағасын тұрақтандыруға тікелей әсер етеді. Ал жанар-жағар майдың бағасының өсуі немесе тұрақтануы халық тұтынатын негізгі тауарлар мен өнімдердің бағасының өзгеруіне тікелей әсер етеді. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығын дамыту үшін де жанар-жағар май бағасы мен оның қолжетімділігі негізгі мәселе болып қала береді. Сондықтан Жолдауда көрсетілген мәселелер елдің болашағы үшін, оның дамуы үшін жасалған нақты қамқорлық, нақты қадам, қолдау болып отыр.
Мұның бәрі Жолдауда көрсетілген, айтыл­ған жағдайлардың аз ғана бөлігі туралы ойлар. Ал Жолдауда жалпы мемлекетіміздің сан салалы саясаты мен ұстанымдары айқын көрініс тауып, алдағы болжанып отырған дағдарыстан шығудың да амал-шаралары қамтылған.
Сондай-ақ халықаралық дәрежедегі істеле­тін істер мен атқарылатын шаралар да ұшан- теңіз. Ондағы қамтылған жағдайларды мамандар әр сала бойынша саралап, өз пікірлерін, ойларын айта жатар. Ал біздің айтпағымыз – Елбасының өз Жолдауында атап көрсет­кен­дей, Үкіметтің, Парламенттің, жалпы мемле­ке­ті­міздің алдында үлкен асулар, сан салалы жос­парлар тұр. Біз Елбасының саясатын қол­дай отырып, Жолдауда көрсетіл­ген мәселе­лерді рет-ретімен шешеміз, мемле­ке­тіміздің одан әрі дамуына қол жеткіземіз деп ойлаймын және оған нық сенімдімін. Елба­сының Жолдауы халық тарапынан да қызу қолдауға ие болатынына күмәніміз жоқ. Өйт­кені, Жолдау толығымен халық үшін, ел игілігі үшін жасалып отыр.
Сағынбек ТҰРСЫНОВ, Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы.