02 Сәуір, 2019

Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 9 миллионға айыппұл салынған

554 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ағымдағы жылдың екі айында республикада жүргізген өнімнің қауіпсіздігі бойынша сараптама қорытындысында 10430 өнім сынамасы зерттеліп, оның ішінде сәйкес келмейтін 17,4 пайыз, яғни 1818 стандартқа сәйкессіз сынаманың анықталғаны белгілі болды.

Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 9 миллионға айыппұл салынған

Бұдан бұрын мәлім болғанындай, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 37 тонна қауіпті азық-түліктердің жойылғандығы жайында мәлімдеген болатын. Тексеріс нәтижесінде 1,5 млн теңгеге айыппұл салынып, заң бұзушылықты жоюға байланысты 62 ескерту жасалған әрі 249 жоспарсыз тексерулер жүргізілген.

Аталған комитет мәліметтері бойынша, өткен жылдың ағымдағы кезеңіндегідей техникалық регламенттер бойынша өндірушілердің таңбалау ережелерін бұзуы - 74,4 пайыз, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу - 12,1 пайыз, сондай-ақ мәлімделген немесе физикалық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеуі бойынша - 13,5  пайыз деректер анықталған. Ал техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін тағамдар тізіміндегі азық-түліктер қатарында ет өнімдері – 18,1, құс еті – 12,8, балық – 10,2, май өнімі – 2,8, сүт өнімдері – 11,1, кондитерлік өнімдер – 13,7, аспаздық өнімдер -3,4, нан өнімдері - 1,3, ұн және ұн тарту өнімдері – 5,8, көкөністер мен жемістер – 8,5, консервіленген өнімдер – 6,0, шырын өнімдері – 2,2, алкогольді сусындар - 1,2, ББҚ - 0,5 және т.б. атаулар бар.

Анықталған деректер бойынша кәсіпкерлік нысандар түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олқылықтарды жою туралы 334 нұсқама берілген. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 130 іс қозғалып, 9 млн. теңгеден астам айыппұл салынған. Сәйкес келмейтін 1,5 тоннадан астам өнім сатылымнан алынды.