Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

Мұнай өндіру көлемі азайған

1411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыс мезгілдерін есепке алғанда еліміздегі мұнай өндіру көлемі 6 пайызға артқан. Алайда көктем айының көрсеткіштері «қара алтын» бағасының төмендеп бара жатқандығын аңғартады. Energyprom мәліметтері бойынша Қазақстан ОПЕК + келісімдеріне сәйкес өндіру көлемін азайту бойынша міндеттемелерін орындауды жоспарлаған.

Мұнай өндіру көлемі азайған

Ағымдағы жылдың екі айында шикі мұнай өндірісі 13,2 млн тоннаны құраған. Бұл тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,6 пайызға ұлғайған. Мұнай өндірісінің үлесі Атырау облысы бойынша 64 пайызды құрайды (8,4 млн тонна, жылына +11 пайыз). Аймақта ең ірі өндірушілер қатарында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалы (Қашаған кен орны), «Тенгизшевройл» ЖШС (Теңіз кен орны), «Ембімұнайгаз» АҚ, т.б. бар. Мұнайдың  21,9 пайызы Маңғыстау өңірінің еншісіне тиесілі болса (2,9 млн тонна, жылына  5 пайыз),  7,4 пайызы Қызылорда облысында өндірілген  (969,8 мың тонна, жылына −7 пайыз).

Қазақстан ОПЕК+ келісімдерінің қатысушы ретінде наурыз айының екінші жартысынан бастап әрі Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өндірісін тәулігіне 200 мың баррельге дейін азайтуды жоспарлаған. Бұл жайында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Хьюстондағы CERAWeek салалық конференция барысында мәлімдеген-ді. Осы межеде Қазақстан ОПЕК+ келісіміндегі талаптарды да орындайтын болады.