Президент • 02 Сәуір, 2019

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысы туралы есебі, сондай-ақ, еліміздегі адам құқықтарының сақталуы жөнінде мәлімет берілді.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың, соның ішінде кедей отбасылар мен көп балалы аналардың негізгі құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталғандарға қатыгездік көрсету фактілеріне жол бермеу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу қажеттігін айтты.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма беріп, құқық қорғау мәселесін жігі назарда ұстайтынын айтты.