Спорт • 02 Сәуір, 2019

Динара Сәдуақасованың жүлдесі үшін жарыс басталды

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Динара Сәдуақасованың жүлдесі үшін жарыс басталды

Бүгін Нұр-Сұлтандағы Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде шахматтан Динара Сәдуақасованың кубогы үшін жарыс басталды.


«Жастар жылына» арналған турнирдің жүлде қоры 1,5 миллион теңгені құрайды. Ол екі күнге созылады. Бұл бәсекелерде республикамыздың барлық өңірінен келген 110 студент бақ сынауда. Ерлер арасында 1-10 және әйелдер сайысында 1-7 орындарды иеленген ойыншылар диплом және медальдармен қоса, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

–      Біз жыл сайын  студенттер арасында турнир өткізіп тұрамыз. Ол жастар үшін өте қажет. Осындай жарыстар арқылы олардың шеберлігі шындалады, тәжірибе жинайды. Биылғы додаға 110-нан аса ойыншылардың жиналғанын естіп, қатты қуандым. Осы турнирде бақ сынап жатқандар арасынан келешекте мықты шахматшылар шығатынына кәміл сенемін, – дейді атақты шахматшы Динара Сәдуақасова.