Бекзаттың жүріп өткен жолы барша жанкүйерлердің көз алдында. 1998 жылы жастар арасында Азия және әлем біріншілігінде күміс медальді иелегеннен кейін ол қырағы мамандардың назарына ілікті. 1999 жылы ұлттық командамыздың сапына қабылданып, 57 кило салмақта Орталық Азия ойындары мен Азия чемпионаттарында ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдені мойнына ілді. 2000 жылы Сиднейде алауы тұтанған Олимпия ойындарында алтын тұғырға көтеріліп, барша қазақстандық жанкүйерді қуаныш пен шаттыққа бөледі. Жаңа ғасыр табалдырықтан аттағанға санаулы ғана минуттар қалғанда Бекзат баруырымыз жол апатынан қаза тапты. Ол небары 20 жаста еді...
Түркістанда өтіп жатқан жарыста бес мемлекеттен келген 200-ден аса боксшы бақ сынауда. Олар 11 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салуда. Осы турнирді тамашалауға келгендер қатарында Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов пен Серік Сәпиев бастаған көптеген даңқты боксшылар бар.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»