Спорт • 03 Сәуір, 2019

ЖХЛ: «Сарыарқа» жеңіске жетті

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) Петров кубогы жолындағы жарысының үшінші жартылай финалдық кездесуі де «Сарыарқаның» пайдасына шешілді.

ЖХЛ: «Сарыарқа» жеңіске жетті
Қарағандыда өткен бәсекеде Санкт-Петербургтің «СКА-Нева» клубы қанша жанталасқанымен, айдын иелерінің осал тұсын таба алмады. Бірінші кезеңде қос команда бір-бірін ала алмады. Үзілістен кейін жерлестеріміз қатарынан үш мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Бұл голдардың авторлары – Олег Ломако (26 минут),  Александр Ремов (30 минут) және Максим Кицын (38 минут). Үшінші кезеңде қонақтардың бір ғана шайба салуға шамасы жетті. Қорытыныды есеп – 3:1.

Осылайша, «Сарыарқа» Петров кубогының финалына шығуға шақ қалды. Бұған дейін Нева жағалауында өткен қос бәсекеде де біздің жігіттердің мерейі үстем болған. Төртінші кездесу 3 сәуірде Қарағандыда өтеді. Осы ойында жеңіске жетсек, онда ақтық сынға жолдама аламыз.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»