04 Ақпан, 2012

Төрағалық барысы жоғары бағаланды

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Төрағалық барысы жоғары бағаланды

Сенбі, 4 ақпан 2012 7:21

Жақында Ислам Ынты­мақ­тастығы Ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшылығының шақы­руы­мен Адам құқығы жөн­ін­дегі уәкіл Асқар Шәкіровтің осы ұйымның Жидда қала­сындағы (Сауд Арабиясы Ко­рольдігі) штаб-пәтеріне са­пары болды, деп хабарлады Қазақстан Республи­касы­нд­а­ғы Адам құқықтары жөнін­дегі уәкіл аппаратының бас­пасөз қызметі.

А.Шәкіров сапар  аясында ИЫҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен  және құрылуы туралы шешім Астана қаласында өткен  ИЫҰ Сыртқы істер ми­нистрлері кеңесінің 38-ші  сессиясында қабылданған ИЫҰ  Адам құқықтары жөніндегі Тұрақты тәуелсіз комиссия хатшылы­ғы­ның бас директоры  Хемают Уддинмен кездесті.
ИЫҰ өкілдері қазақстандық омбудсменнің адам құқықтарын қамтамасыз ету, соның ішінде  заңнамалық базаны және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, үкіметтік емес және халық­ара­­лық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ  адам құқық­та­ры саласындағы  халықаралық нормалар мен стандарттарды ұлт­­­тық заңнамаға енгізу бағы­тын­дағы қызметімен танысты.
Әңгіме барысында құқықтық қорғау мәселелері бойынша же­місті және қызғылықты пікір алмасу болып, ұлттық құқық қорғау институты мен ИЫҰ жүйесінің жоғарыда аталған комиссиясымен барынша тығыз байланыс орнату туралы  келісімдерге  қол жеткізілді.
ИЫҰ басшылығы Ұйымның Сыртқы істер министрлері ке­ңе­сін­де Қазақстанның ағымдағы төр­ағалығын жоғары бағалады.