Аймақтар • 03 Сәуір, 2019

Экологиялық меморандум мәселені шеше ме?

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық әкімдігі мен «Экологиялық ұйымдар Ассоциациясы» ЗТБ арасында серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Экологиялық меморандум мәселені шеше ме?

Мұнайлы өңірде экологиялық ахуал көңіл көншітерлік емес. Меморандум аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар кешені жүзеге асады. Сондай-ақ, атмосфераға әртүрлі көздерден түсетін көмірқышқыл газын азайту бойынша экологиялық, зерттеу жұмыстары және мониторинг жүргізу үшін әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру да жоспарда бар. Облыс аумағында тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатында табиғат қорғау бағдарламалары мен инвестициялық жобалар іске асатын болады.

Бұл туралы «Экологиялық ұйымдар Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Айгүл Соловьева айтты. «Меморандум аймақтың экологиялық проблемаларын шешуге септігін тигізеді. Проблемалық мәселелер бар, оларды шешу үшін әлемдік тәжірибемен бөлісуге дайынбыз. Қазір жаңа экологиялық Кодекс бойынша жұмыс істеп жатырмыз»,- деді Айгүл Соловьева.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу үшін бұл меморандумның маңызды екенін атап өтті. «Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін төмендету бойынша кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Баламалы энергетика біздің өңірде де енгізілуде. Исатай ауданында қуаты 52 мегаватт алғашқы жел электрсансасы салынып жатыр. Облыстағы су айдындарында экологиялық сипаттағы проблемалар бар. Бұл мәселелердің бәрін қоғамдық ұйымдарды жұмылдыру арқылы жария түрде шешуіміз керек», - деді Нұрлан Ноғаев.



Атырау