07 Ақпан, 2012

Көліктегі қауіпсіздік – маңызды мәселе

683 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Көліктегі қауіпсіздік – маңызды мәселе

Сейсенбі, 7 ақпан 2012 8:13

Бас прокуратура құқық қорғау функциясын күшейтуді, көліктің барлық түр­леріндегі қауіпсіздікті, тасымалданатын жүктердің сақталуын, жолаушылар мен көлік қызметін пайдалану­шы­лар­дың құқықтары мен мүдделерін қор­ғауды қамтамасыз етуді басты ба­сымдық ретінде белгілеп берген болатын.
2011 жылы Бас көлік прокуратурасы қабылдаған шаралар арқылы көлікті біліксіз пайдалануға байланысты жүйе­лі бұрмалаушылықтар анықталды. Оның өзі техниканың жарамсыз болуына соқты­рып отырған. Осылайша өткен жылғы қадағалау тексерулері қорытын­ды­сында 114 локомотивті, 2,5 мыңдай жо­лау­шы­лар және жүк вагондарын, темір жол көлігіндегі 130 арнаулы жылжымалы құ­рамды, түрлі авиакомпа­ния­лардың 7 әуе кемелерін, 6 ірі теңіз және 2 өзен кеме­лерін пайдалануға тыйым салынды. Өткен жылы көліктің барлық түрлеріндегі қауіп­сіздік шараларын бұр­малау саны төмен­деді. Оның өзі көлік прокурорлары жұмы­сының белсенділігін арттыру нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Сейсенбі, 7 ақпан 2012 8:13

Бас прокуратура құқық қорғау функциясын күшейтуді, көліктің барлық түр­леріндегі қауіпсіздікті, тасымалданатын жүктердің сақталуын, жолаушылар мен көлік қызметін пайдалану­шы­лар­дың құқықтары мен мүдделерін қор­ғауды қамтамасыз етуді басты ба­сымдық ретінде белгілеп берген болатын.
2011 жылы Бас көлік прокуратурасы қабылдаған шаралар арқылы көлікті біліксіз пайдалануға байланысты жүйе­лі бұрмалаушылықтар анықталды. Оның өзі техниканың жарамсыз болуына соқты­рып отырған. Осылайша өткен жылғы қадағалау тексерулері қорытын­ды­сында 114 локомотивті, 2,5 мыңдай жо­лау­шы­лар және жүк вагондарын, темір жол көлігіндегі 130 арнаулы жылжымалы құ­рамды, түрлі авиакомпа­ния­лардың 7 әуе кемелерін, 6 ірі теңіз және 2 өзен кеме­лерін пайдалануға тыйым салынды. Өткен жылы көліктің барлық түрлеріндегі қауіп­сіздік шараларын бұр­малау саны төмен­деді. Оның өзі көлік прокурорлары жұмы­сының белсенділігін арттыру нәтижесінде жүзеге асып отыр.

«Жетіген – Қорғас» және «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жолдар құрылысы барысында елеулі бұрмалаушылықтар анықтал­ды, атап айтқанда, жолдың жоғарғы қа­батына сапасыз материалдар пайда­ла­нуға жол берілген жоқ. Аталған бұрма­лау­шылық­тар­дан келген шығын 1,5 миллиард тең­гені құрайды. Бас көлік прокура­тура­сы­ның ұсынысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ анықталған бұрмалау­лар­ды жою жөнінде шаралар қабылдап, жоғарыда аталған сома мердігерлерден ұсталды және сапасыз материалдар алмастырылды.
«SCAT», «Казавиаспас» және «BEK AIR» авиакомпаниялары қызметтерінен де өрескел бұрмалаушылықтар анық­тал­ды. Олар құрамдаушы бұйымдары­ның мерзімдері өткен, сол сияқты техникалық жарамсыздығы бар ұшақ­тар­ды пайдаланып келген. Ұшу қауіп­сіздігіне ықпал ететін үлкен кемші­лік­тер өзге де авиакомпаниялар мен әуе­жай­лар қызметтерінде анықталды. Олар­дың ішін­де Семей, Петропавл қала­лары­ның және Үржар селосының әуежай­лары не­ғұр­лым проблемалылар қатарына жатады.
Мұнай және мұнай өнімдерін экс­порттаудағы заңдылықтың сақ­талуына жүргізілген мақсатты қадағалау жұ­мыс­тары шикі мұнайды Қазақстан ау­ма­ғынан түрлі мұнай өнімдері деген атпен алып шығудың қылмыстық схемасын анықтау­ға жағдай туғызды. Тек «Spring Oil Trading» ЖШС-ның өзі ғана іс жүзінде шикі мұнай болып табылатын 147 мың тонна өнімді «тұрақ­тан­дырылған мұнай композиті» деген атпен экспортқа шығар­ған. Соның салдарынан бюджетке 4 миллиард теңгеден астам қаржы кедендік баж салығы және салықтар ретінде түспей қалған.
Көлік және коммуникация министр­лігі мен жеке тасымалдаушыларды тексеру барысында тасымалдаушылардың жолаушыларды темір жол көлігінде әлеу­меттік маңызды бағыттар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты тасымалдаушылар шығындарын субсидиялау туралы заңнаманың бұр­ма­лан­ған­дығы анықталды. Қабылдан­ған шара­лар­дың нәтижесінде тасымал­дау­шылардың шығындарына негізсіз жатқызылған 60 миллион теңгеден астам субсидиялар республикалық бюджетке қайтарылды.
Азаматтардың конституциялық құ­қық­тарын қорғау бағытында жүргізіл­ген жұмыстар 28 мыңнан астам адам­ның құ­қықтарын қорғауға жағдай жасап, қада­ға­лау актілері бойынша көлік кәсіп­орын­дары қызметкерлеріне 1,7 миллиард теңгеден астам сомада ең­бекақы төленді.
Сол сияқты мемлекеттік органдар, әсіресе, құқық қорғау органдары тарапынан болатын заңсыз араласулардан кәсіп­керлердің құқықтарын қорғау жұмыс­тарының да белсенділігі артты. Осы мақсаттарда үкіметтік емес ұйым­дар мен БАҚ өкілдерін тарта отырып, жұмылғыш топтар жұмысы ұйымдас­ты­рылды, мәлі­меттер барлық темір жол вокзалдары мен әуежайларда орналастырылды.
Құқық қорғау органдары жұмысы­ның тиімділігіне қойылатын жаңа та­лап­тарға сәйкес көлік прокурорлары құқық қорғау органдарының қылмыс­тар туралы шағымдары мен хабарламаларын есепке алу, тіркеу және қарау заңдылықтарын сақтауына ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыс­тар заңды бұрмалау, қылмыстарды жасыру және шағым беру­шілер құқық­тарын ескермеу фактілерінің әлі де жойылмағандығын көрсетті. Өткен жылы қылмыстарды есепке алудан жасы­руға байланысты көлік прокурорлары 49 қылмыстық іс қозғады. Бүтіндей ал­ғанда, қа­былданған шаралар қыл­мыс­тардың ашы­лу көрсеткіштерін қолдан жасау мүм­кіндіктеріне шектеу қоюға жағдай туғызды.
Есепке алу-тіркеу тәртібін сақтауды тексеру қорытындылары Бас көлік про­куратурасының алқа мәжілісінде қара­лып, қадағалау актілері бойынша құқық қорғау органдарының 139 кінәлі қызмет­кері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қылмыстарды тергеу функциялары бар арнайы прокурорлар институтын енгізу жазалаулардың қайткенде де орындалу принципін жүзеге асыру тиімділігін айтарлықтай арттырды. Бұл бағытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та тауарлар мен қыз­меттерді сатып алу барысында ақша қаржыларының ұрлануына байланысты қылмыстарды тергеу айтарлық­тай нәти­желер берді. Бұл сияқты бұр­малаулар ел экономикасына орасан зор нұқсан келтіреді.
Қоғамда үлкен қозғау салған істерді тергеу де арнаулы прокурорлар тәжіри­бесіне енгізіліп отыр. Мәселен, арнаулы прокурорлар 2011 жылдың маусым айында Ақтөбе облысының Тас стансасын­дағы жолаушылар және жүк пойызының соқтығысуына байланысты қылмыстық істі қарады. Нәтижесінде тепловоз ма­шинистері қозғалыс қауіпсіздігі және темір жол көлігін пайдалану ережелерін бұрмалағаны үшін кінәлі деп танылып, түрлі дәрежедегі жазалау шараларын алды.
Бүтіндей алғанда, көлік прокуратурасы органдарының қадағалау қызметінің нәти­желері оның одан әрі дамуы мен жетілуі, сондай-ақ өзіне жүктелген мін­дет­терді табысты жүзеге асыруы үшін қажетті база ретінде қызмет ететін болады.
Ыбырай ТІЛЕУҒАЛИЕВ, Бас көлік прокуроры, аға әділет кеңесшісі.